Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» атты бейнебаяны жарық көрді

289
Видео кадры

Шығарма тақырыбына миллиондаған әлем тұрғындарының өмірін коронавирус індеті эпидемиясы арқау болған, деп хабарлайды dimashnews.com.

Сайтта әннің қалай дүниеге келгені туралы қысқаша тарихы да баяндалған:

«Бір күні таңертең дыбыс жазу студиясында Димашпен бірге жаңалықтар көріп отырған Ренат Ғайсинге осы әннің әуені келген.

Композитор әрбір жаңалықты естіген сайын жанын қоярға жер таппаған секілді – дертке шалдыққандар мен коронавирус туралы ақпарат майданнан жеткен суыт хабар секілді көрінеді.

Осының барлығын ой елегінен өткізген композиторға музыкалық әуен өздігінен келе бастады десе де болады…

Кенет телефонын жанына қойып, пианиноны бетке алған Ренат сол сәтте жүрегінен туындаған әуенді ойнап әкетеді. Бірнеше минуттан соң Ренаттың жанына жақындаған Димаш әуенді тағы ойнап беруін сұрайды. Әуенді басынан аяғына дейін үлкен әсермен тыңдап шыққан Димаш дереу жазып алып, орындауға ұсыныс жасайды.

Саундпродюсер Ерлан Бекчурин аранжировкаға кіріседі, ақындар Данияр Алдаберген мен Орал Байсеңгір сөзін жазып, Димаш белгілі кинооператор Азамат Дулатовпен жаңа видеоның идеясын талқылай бастады».

Осылайша, эмоционалдық сәттен туындаған әуен жаңа жобаға ұласады.

«Қайран елім» – адамзатқа жасалған үндеу іспетті, қорқынышты жайтқа қарамастан, жақсылықтан үмітіміздің барын ұғындыру. Барлық ауыртпалықты еңсеретінімізге сендіргіміз келеді. Дәл қазіргі таңда ең бастысы – мықты болуымыз керек»,

– дейді Ренат Гайсин мен Димаш Құдайберген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз