Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Димаш қазақ тілін трендке айналдырып жатыр. Шетелдіктер қазақша ән айта бастады (видео)

Бұл менің түсінігімнің шеңберінен тыс дүние. Сондықтан осы арадан рақмет деп қысқа қайырғым келеді. Өзіңізге Құдай берген сыймен бөлісіп жатқаныңызға рақмет! Қазір Сізге оңай емес, оны жақсы біліп отырмыз.

Бір апта ішінде өзге тілдегі әнді жаттап алатын қасиетіңізді көрсетіп жатырсыз. Ендігі кезек – біздікі. Енді Сіздің тіліңіздегі әнді біз жаттаймыз.

Өз кезегімде Дайдидауды орындадым, өйткені білем, ол Сіздің жүрегіңізге жақын өлең”, — дейді әнші қыз.

“Дайдидау” әнінен үзінді орындаған соң. Видеоның астында пікір қалдырғандар қазақ тілінде ән орындаған қызға алғыстарын айтып, Димашты мақтан тұтатындарын жазады.

Айта кетсек, Димаш Қытайдағы I am a singer байқауында “Дайдидау” әнін жетінші кезеңде орындаған еді. Осыдан соң Димаштың орындауындағы «Дайдидау» әні «Adagio» мен «SOS d’un terrien en détresse» әндерін артқа тастап, «Азияның жаңа әндері» (Freshasia music) рейтингінде 107 341 ұпаймен 15-орынға шықты.

Димаштың Қытайдағы танымалдылығынан кейін қазақ әншісі туралы Франция елінде де айта бастады. Жақында француздық телеарналардың бірі Димаш туралы арнайы репортаж жасаған еді. Ал француз тілінде ән шырқайтын Лара Фабиан Димашты “I am a singer” телешоуының алтыншы кезеңіндегі жеңісімен құттықтап, кездесуге ниет танытқан болатын. Сондай-ақ Димаш Құдайбергенов Азиядағы ең беделді Top Chinese Music Awards сыйлығына ұсынылып отыр.

https://www.youtube.com/watch?v=nIvOw3NtjN4

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз