Нұр-Сұлтан
Қазір
26
Ертең
30
USD
449
+0.59
EUR
481
+2.11
RUB
5.56
-0.02

Денсаулық министрі өңірлерге дәрі-дәрмектің жеткізілуі неге кешігіп жатқанын түсіндірді

Айта кетейік, жыл сайын дәрі-дәрмек желтоқсан айында жеткізілетін. Ал биыл кешігу байқалды. Министрдің айтуынша, қалған дәрі-дәрмектерге сараптама жасалды. Көптеген дәрілердің жеткілікті қоры бар. Ал отандық өндірушілер шығаратын дәрілер тікелей келісімшарт бойынша жеткізіледі.

Мәселе тек конкурс арқылы сатып алатын дәрі-дәрмектің төңірегінде туындап отыр. Сатып алулар ережесіне өзгерістер енгізілсе, қаңтардың басында барлық дәрі-дәрмек әкелінетін болады.

Елжан Біртанов медициналық препараттар бағасына қатысты қойылған сауалдарға да жауап берді.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Биылғы жылы дәрі-дәрмектің бағаларын реттеу бойынша жаңа нормативтік құжат қабылдадық. Бұл принцип бойынша әр компания елімізге дәрі-дәрмек әкелгенде, зауытың бағасын көрсетеді. Қосымша шығыстарын Қазақстанға әкелу кеден және маркетинг шығыстарын көрсетіп, бағасын бақылауға, реттеуге мүмкіндік ашылады. Бірнеше заң жобасы әзірленіп, бірнеше заң жобасын қабылдадық.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз