Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Даулы видео авторы – ресейлік қылмыстық жауапкершілікке тартылады – ҚР ІІМ

“Қазіргі уақытта Алексей Бессоновқа қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 179-бабы, яғни “Билікті басып алуды немесе ұстап тұруды насиxаттау немесе оған жария түрде шақыру, сол сияқты билікті басып алу немесе ұстап тұру не Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгерту” бойынша айып тағылады, сонымен қатар Қылмыстық процессуалдық кодексінің қылмыстық қудалау шараларын Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүзеге асырады”, – деді ІІМ өкілдері.

Таяуда ҚР ҰҚК осы іске қатысты тексеріс жүріп жатқанын xабарлаған еді.

“ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ресей федерациясының азаматы Алексей Бессоновтың видеосы тіркеуге алынды. Тексеру шаралары ұйымдастырылып жатыр”, – деді ведомстводағылар. Айта кетейік, Алексей Бессоновтың видеосы қазақстандықтардың наразылығын тудырған болатын.

Көпшілік блогерді қылмыстық жауапкершілікке тартуды шақырған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз