23-25 тамыз күндері Қызылорда облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыс және шығыстан соққан шаңды дауылдың екпіні 15-20 м/с-тан 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.
«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады.
Ертең Маңғыстау облысының кей жерлерінде де осындай шаңды дауыл соғып, шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.