Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
2
USD
426
-0.19
EUR
496
-1.93
RUB
6
-0.02

БҰҰ-ның халықты қоныстандыру қоры оңтүстік өңірден өкілдігін ашқысы келеді

Өз кезегінде сөз алған Джулия Валлезе қордың ана мен баланың репродуктивті денсаулығын жақсарту, гендерлік теңдік пен демографиялық мәселелерді қамту салаларындағы негізгі миссияларын баяндап берді.

«Біз мән беретін негізгі мәселенің бірі – ана мен бала денсаулығын сақтау. Осы ретте аналардың босану кезіндегі қауіптілігін қамтамасыз етіп, жоспарлы жүктілік мәселесіне мән береміз. Жастардың ана болуға деген дайындық жұмыстарын күшейтіп, гендерлік теңдікті сақтауға, халықтың демографиялық өсіміне сараптама жасап отыруды мақсат тұтамыз. Жоғарыда айтылған жұмыстарды бірлесіп атқару мақсатында ынтымақтастықта бірігіп жұмыс істеуге ниет білдіріп отырғандарыңызға алғыс білдіремін», – деді Джулия Валлезе.

Кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен БҰҰ халықтың қоныстануы саласындағы ЮНФПА қоры арасында өзара түсіністігі жайлы меморандумға қол қойылды.

Тараптар жергілікті денсаулық сақтау жүйесінің әлеуетін, ана мен бала денсаулығын қорғау бойынша кешенді бағдарламаны бірлесіп іске асыру жөнінде мәмілеге келді.

Сондай-ақ тараптар гендерлік зорлыққа ведомствоаралық әрекет ету жүйесін енгізу арқылы тұрмыстық зорлықтың алдын алу бойынша басқару әлеуетін нығайтуға уағдаласты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз