Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі: Орталық Азия елдері Қазақстанға жоғары баға берді

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысы қарсаңында «Қауіпсіздік пен дамудың өзара тәуелділік үлгісі ретінде Ауғанстан мен Орталық Азияда аймақтық серіктестік құру» тақырыбында Орталық Азия – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан сыртқы істер министрлерінің кезекті кездесуі өтті. Кездесуге Түрікменстанның атынан БҰҰ жанындағы Тұрақты өкіл қатысты.

Қазақстандық тарап 2017 жылы Қауіпсіздік кеңесінің құрамындағы жұмысына қолдау көрсеткендері үшін орталық-азиялық әріптестеріне алғыс айтты. Аталған кездесуде Орталық Азиядағы ахуал бойынша жан-жақты пікір алмасып, өңірлік ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Министрлер Орталық Азия елдерінің 2018 жылға сыртқы саяси іс-шараларының күнтізбесін талқылады. Делегация басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі көптеген мәселелер бойынша Орталық Азия елдері ұстанымдарының сәйкес келетінін атап өтті.

Жиында Орталық Азия елдерінің Ауғанстанмен ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысы атап өтілді. Кездесу соңында сындарлы диалог пен өзара тиімді ынтымақтастық негізінде аймақтық мәселелердің бірлескен шешімін әзірлеу бойынша бесжақты өзара әрекеттестікті жандандыру туралы келісімге қол жеткізілді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз