Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Бюджет жобасында зейнетақы саласына 6,7 млрд теңге бөлу көзделген – Сұлтанов

Сұлтановтың айтуынша, әлеуметтiк саладағы өсiм зейнетақы төлемдерiнiң ұлғаюымен байланысты. Бұған үш жылдық бюджетте 6 761,4 млрд теңге қарастырылған. Қаржының ұлғаюы негiзгi факторлармен: зейнетақы алушылар санының 40-44 мыңға артуымен, инфляцияға байланысты төлемнiң қайта есептелуiмен, сондай-ақ, зейнеткерлердi әлеуметтiк қолдауды күшейту шараларымен байланысты.

Еске сала кетсек, 2018 жылдың 1 шiлдесiнен бастап базалық зейнетақы төлемiн тағайындау тәртiбi өзгерiп, оның көлемi үш кезеңмен ұлғайтылады.

Атап өтсек, кеше Мәжіліс 2018-2020 жылдарға арналған бюджет жобасын бекіттi. Отырыста Үкімет мүшелері мен депутаттар «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заң жобасын ұзақ талқылады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз