Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
1
USD
426
-0.19
EUR
496
-1.93
RUB
6
-0.02

“Бұрын қайда болған?” Ақтөбедегі оқиғадан кейін еліміздегі барлық автобустар тексеріледі

Бұдан былай, министрліктің құрамындағы Көлік комитеті инспекциясының қызметкерлері Қазақстан Республикасы  Ішкі істер министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп бүкіл Қазақстан бойынша «Автобус» жедел-профилактикалық шарасын өткізетін болады.

«22-қаңтар мен 18-ақпан аралығында өтетін жедел-профилактикалық шара аясында ауданаралық, қалааралық, облысаралық және халықаралық қатынаста жолаушыларды және багажды тасымалдайтын көліктер мен жүргізушілер тексерілетін болады. Жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың және таксилердің

техникалық ақауы болса, әрі қауіпсіздік талаптары сақталмаған жағдайда, көлікті одан әрі пайдалануға тыйым салатын шаралар қабылданады»,

– деп атап өтілген аталмыш министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

https://kaz.365info.kz/symdykh-aj-akhtobede-52-adam-tiridej-zhanyp-mert-boldy-298287

Бұдан бөлек, жасырын маршруттарды анықтау үшін көліктік бақылау инспекциясының қызметкерлері мен қоғам өкілдерінен тұратын мобильдік топтар құру туралы шешім қабылданды.

«Рейс алдында автомобильдің міндетті техникалық және жүргізушінің медициналық байқаудан өтуіне, жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін сақтауларына баса назар аударылады.

Республикамыздың автомобиль жолдарындағы жолаушылар мен багаж тасымалдау мәселелері бойынша «Рубеж» қарау-бақылау бекеттерінде бақылауды күшейту жөнінде қосымша шаралар қабылданады», – делінген министрлік ақпаратында.

 

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз