Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
0
USD
463
0.00
EUR
494
0.00
RUB
5.99
0.00

Бүлінген мұнай үшін Қазақстанға ондаған миллион доллар төленеді

351

Естеріңізге сала кетейік, 19 сәуірде “Белнефтехим” Ресейден келетін мұнай сапасының күрт төмендегені туралы хабарлады. Ондағы хлорорганикалық қосылыстар “шекті мәндерден он есе асып түседі” деп мәлімдеді. Республиканың МӨЗ-нің бірінде жабдықтар істен шығып, Еуропа елдері оны қабылдаудан бас тарта бастады.

“Транснефть” шикізат сапасында мәселе барын растады, кейінірек “Самара — Унеча” мұнай құбыры учаскесінде ластану көзін анықтады. Компания экспортталатын мұнай хлорорганикалық қосылыстармен қасақана ластанғанын мәлімдеді. Ресей тергеу комитеті қылмыстық іс қозғаған, алайда процесс тез аяқталып, нәтижесінде тек төрт адам жауапқа тартылды.

Мәскеуде барлық зардап шеккендер

міндетті түрде өтемақы алатынын мәлімдеді. Алайда, ол үшін шығын болғанын дәлелдеулері тиіс

Ең алдымен құбыр жұмысын қалпына келтіру — басты міндет болды, ал өтемақыға  тараптар кейін оралатынын айтты. Маусым айының басында Беларусьпен шекаралас бірқатар елдердің транзиті қалпына келді.

Бір қызығы, жиынтық шығынның бағасы ондаған есе төмендеді. Ең оптимистік мөлшер – 100 млн-нан кем, пессимистік — бірнеше миллиард доллар.

Барреліне 15 долларға дейін

24 шілдеде “Транснефть” компаниялар шығынын өтеуді жоспарлап отыр деген мәліметтер пайда болды. Директорлар Кеңесінде жүк жөнелтушілерге бір баррельге15$ мөлшерінде төлемнің шекті мөлшерін белгілеу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте

зардап шеккендер “болған шығындарды құжатпен растауы тиіс»

Компания қанша ақша төлеуге дайын екені хабарланбайды. Алайда, ластанған мұнай көлемі шамамен 4,3 млн тоннаны құрағаны белгілі. Бұл дегеніміз, егер барлық зардап шеккен тарап өз залалын дәлелдесе, “Транснефтке” бұл шамамен $470 млн-ға шығады.

“Атап айтқанда, Польша мен ішінара Германияға 690,5 мың тонна мұнай кетті. Венгрия, Словакия мен Чехияға — тағы 700 мың тонна. Беларусь аумағында 1,3 млн тоннаға жуық мұнай қалды, қазір бұл көлемдердің басым бөлігі Ресейге ығыстырылды. Усть-Лугадан 24 сәуір мен 7 мамыр аралығында шамамен 1,6 млн тонна мұнай тиелді”, – деп жазады “Коммерсантъ”.

Қазақстан қанша алады?

Қазақстандық компаниялардың мұнайы дәл осы Усть-Лугадан тиелген. Мамыр айында энергетика вице-министрі Әсет Мағауов 600 мың тоннаға жуық мұнай ластанғанын айтты. Әр тоннада — 7 баррельден астам. Осылайша,

Қазақстан үшін ең жоғары өтемақы $63 млн құрауы мүмкін

Бұл ретте маусым айының соңында “ҚазТрансОйл” бас директоры Димаш Досанов пен “Транснефть” президенті Николай Токарев шығынды өтеу туралы келісті. Бұл туралы қазақстандық компания хабарлады. Бұл ретте қандай да бір қаржылық ақпарат берілген жоқ.

“ҚазТрансОйл” АҚ Бас директоры “Транснефть” ААҚ тарапынан өтемақы механизмі ұсынылғанын мәлімдеді. Механизмнің егжей-тегжейі және төлем сомасы мүдделі тараптарға белгіленген тәртіппен беріледі”, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Reuters және Bloomberg “Траснефть” Қазақстанға барреліне $15 төлейді деп хабарлады. Өтемақының жалпы сомасы да аталды — $76 млн. Бұл сапаны жоғалтудан, бос тұрып қалудан және лас шикізатты сақтаудан болған шығындарды ескере отырып алынған сома.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз