Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-4
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

«Бұл өмірде ұры емес ешкім жоқ» — «Айналар» отандық фильмі прокатқа жол тартты

400

Бұл оқиға бүтін бір фильмге сюжет бола алатыны бесенеден белгілі еді. Спортшымыздың қазасы жайлы фильмдер болашақта түсіріле жатар, әзірше қоғамның өзекті мәселесін ашық көрсетуді режиссер Рашид Сүлейменов қолға алған екен.

«Зеркала» деген атау алған кримнал драма басты кейіпкердің (Аян Өтепберген) анасымен телефон арқылы сөйлесуінен басталады. “Бәрі жақсы, Қайрош та жақсы, өзім бас-көз болып жүрмін. Ақша қажет емес пе?” деген сияқты қамқорлық, мейірім мен игі істерге толы диалогынан басталады.

Алайда, дәл осы мейірімді жігіт інісімен (Азамат Ашмақын) және ауылдастарымен алып қалада автокөліктердің айнасын ұрлаумен айналысып жүргені белгілі болады. Осындай “операциялардың” бірінде ауылдасы автокөлік иесін өлтіріп алады, әрі қарай полиция өлтірген адамды іздеу арқылы білдей бір “бандаға” тап болатын шытырман оқиғасы баяндалады.

Осы “бандадағы” басты үш кейіпкердің өмірбаяны негізінде режиссер автоұрылардың болмысын ашып, оларды осы қылмысқа итермелейтін мақсатын, араласатын ортасын суреттеген. Сонымен қатар, қоғамдағы тоқал алу мәселесі, байшекештердің озбырлығы, кедейлік, ағайынға бауырмалдық және махаббат сияқты қоғамға ортақ тақырыптарды көтерген.

«Бұл өмірде ұры емес ешкім жоқ!» деген кейіпкердің қағидасы осы фильмнің өзегі десе болады. Дегенмен, көпшілік ұстанатын бұл тұжырымның неге қате екенін режиссер түсіндіруге тырысқан.

Режиссер «Ұрлық түбі – қорлық» деген қазақ мақалын алға тарта отырып, өмірдің өзі төреші екенін айқын көрсеткендей. Фильмде ешкім зұлым, не аса мейірімді рөлді сомдамайды. Режиссердің мақсаты ешкімді қараламай, бәріне адам ретінде, оның ішінде қателесетін адам ретінде қарау болған сияқты.

Рашид Сүлейменовтің айтуынша, Азамат Ашмақын (Ninety one тобының әншісі), Элизат Берікова (КешYOU тобының экс-мүшесі), Қайрат Нұртас сияқты шоу-бизнес өкілдерін фильмге тарта отырып, отандық туындығы жастардың көптеп келуін мақсат тұтқанын айтады.

Кримнал драма отандық кинотеатрларда 31 қарашадан көрсетіле бастайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз