Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
12
USD
444
+1.32
EUR
475
+0.35
RUB
4.83
+0.09

“Бұл нағыз қазақтың ойыны”: Алматыда гольфтан жарыс өтті

232

Elitstroy Club Championship турнирінің басты демеушісі – «Элитстрой» компаниялар тобы.

«Еlitstroy Club Championship» қысқа уақыт ішінде ең ауқымды шараның біріне айналды. Қазақстандық гольф сүйер қауым аталмыш турнирді үшінші «дулыға» деп атап кеткен. Алғашқы екеуіне Қазақстан чемпионаты мен ҚР Президентінің Кубогы кіреді.

Жарысқа ұзын-ырғасы 140-тан аса адам қатысты. Олардың ішінде жастар да, беделді қызметте жүрген азаматтар және шетелдіктер де бар. Қатысу құны – 50 000 теңге. Турнирден түскен қаржыны ұйымдастырушылар қайырымдылық қорына аударады. Бекзат Сарманов – гольф спортын дамытуды қолға алған басты ұйымдастырушы. Оның бастамасымен әлемдік үздік гольфшылар киетін «жасыл күртеше» дәстүрі Қазақстанға да келді. Бұл мәртебе жарысқа қатысатын әрбір кәсіби гольфшының арманы.

– Алғашы рет ұйымдастырған жылдары қатысушылар саны аз болатын. Ол кезде көпшілігі гольф спорты туралы біле бермейтін. Қазір өте жақсы тенденция қалыптасып қалды. Бүгін 152 адам қатысып жатыр. Дайындықтары жақсы. Біз қазір гандикапы көп ойыншыларды турнирге жібермейміз, кішкене жаттықсын, тәжірибе жинасын деген мақсатта. Сапалы ойын болу үшін іріктеуге үлкен көңіл бөлеміз, – дейді Бекзат Сарманов, «Элитстрой групп» ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, турнирдің ұйымдастырушысы.

Бекзат Сарманов

Қатысушылар «Гольф – элиталық спорт, тек байлардың ойыны» деген пікірді жоққа шығарды.

– Көп азамат гольфтың не екенін түсінбейді. Байлардың, ақшасы барлардың ойыны деп әңгіме қылады. Менің сана-сезімімнің түсінгені – бұл пікір қате. Бұл нағыз қазақтың ойыны. Кезінде ата-бабаларымыз жаяу жүрген, малын баққан. Гольф сол сияқты. 18 алаңды аралап жүру үшін 14-15 км жаяу жүресің. Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Сонымен қатар жас келген сайын омыртқаға физикалық жаттығулар керек. Табиғаттың таза ауасы сана-сезіміңе жақсы демалыс береді, – дейді чемпионатқа қатысушы Әбдірахман аға. 

Қазақтың баласы неге тек қана футбол немесе жұдырықтасумен айналысуы керек? Қазір әркімнің мүмкіншілігі жетеді. Себебі гольф спорты 2017 жылдан бастап олимпиада ойындары қатарына енген. Сондықтан келешекте еліміздің намысын қорғайтын жас азаматтар болуы керек. Қазақстанның гольф федерациясы президентінің бастамасымен осы жылдың жаз айында балаларға тегін үйрететін гольф мектебі ашылды. Алматы, Астана, Щучинск, Өскемен және Қостанай қалаларында 600 бала гольф спортымен кәсіби шұғылдануға мүмкіндік алды.

– Қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және гольф спортын дамыту мақсатында аталмыш турнирлерді өткізу өте маңызды. Осымен 7-жыл қатарынан жарысты ұйымдастырып келе жатқан Бекзат Сармановқа алғысым шексіз, деп сендірді, Берік Қаниев, Қазақстан гольф федерациясының президенті.

Берік Қаниев биыл Иманғали Тасмағамбетовтің орнына Қазақстан гольф федерациясының президенті болып сайланды. Қаниев – қазақстандық кәсіпкер және қоғам қайраткері. Ол сонымен қатар «Жас Қыран» жасөспірімдер футбол орталығының, Республикалық физика-математика мектебінің және басқа да жобалардың негізін қалаушы.

Берік Қаниев

Ойыншылар үшін жеңіс емес, қатысу маңызды болды. Олардың айтуынша, гольф сабырлыққа, шыдамдылыққа үйретеді. Жаңа адамдармен танысып, жақсы орта құруға арналған спорт.

– Осы турнирге бірінші рет қатысып жатырмын. Мен үшін қатысу маңызды, бірақ мен жеңсем, дәрежемнің ерекше өскені деп санаймын, деді турнирге қатысушы Гүлжама Жазайытбекова.

Екі күнге созылған турнирдің қорытындысы бойынша екі абсолютті жеңімпаз анықталды. Әйелдер мен ерлер арасында мықты нәтиже көрсетіп, «жасыл күртеше» киген жеңімпаздардың қуанышында шек болмады. Қатысушылардың құрметіне мол дастархан жайылып, бағалы сыйлықтар таратылды.

Ерлер арасында бірінші орынды Аят Қарбеков иеленді. Әйлердер арасында Светлана Кан абсолютті чемпион атанды.

«Elitstroy Club Championship-2023» жеңімпаздары

Қазақстандағы гольфтың тарихы 1995 жылдан басталады. Бірінші гольф клуб сол жылы Алматыда ашылған. Ең соңғысы 2017 жылы Щучинскте ашылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз