Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты 27 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ және желдің күшеюі сақталады, солтүстік аймақтарда жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидрометке» сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей аумақтарында тұман, түнде жекелеген жерлерде көктайғақ, желдің екпіні 15-20 м/с артады.
Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшеюі ықтимал.
Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, Қостанай облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда, Атырау, Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Маңғыстау, түнде Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады, Қызылорда облысында жел 15-20 м/с күшейеді.