Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Бүгін елімізде ауа-райы құбылмалы болады

Тек батыста күн райы ашық болады. Еліміздің басым бөлігінде тұман түсуі мүмкін. Кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, жаяу бұрқасын соғып, желдің екпіні 15-20 м/с-ге күшеюі ықтимал.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Ақмола, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Сондай-ақ Қызылорда, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 18 м/с-ге жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ге күшеюі күтіледі.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз