14-ақпанда ел өңірлерінде тұман, бұрқасын күтіледі, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты, кей аймақтарда қар жауып, тұман, көктайғақ болады, желдің күшеюі сақталады, тек республиканың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және орталығында күн райы жауын-шашынсыз өтеді.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, 15-20 м/с екпіндегі жел болжанады.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, Атырау облыстарының жекелеген жерлерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының кей аумақтарында бұрқасын соғып, тұман түседі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде бұрқасын болады.