Вашингтонға ресми сапармен барған Украина президенті Петр Порошенко сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамппен кездеседі. Осы күні Порошенко АҚШ-тың вице-президенті Майкл Пенс және қорғаныс министрі Джеймс Мэттиспен де кездеседі.
Вашингтонда Украина қауымдастығымен кездескен Порошенко өзінің Ресей президенті Владимир Путиннен бұрын АҚШ президентімен кездесетінінің маңыздылығын атап өткен. Оның сөздерінше, бұл жалған ақпараттан қорғанып, әділетсіздікке жол бермеуге көмектеседі.
Алдын ала мәлімет бойынша, АҚШ және Ресей президенттерінің кездесуі шілде айының басында үлкен жиырмалық саммитінде жоспарланған.