Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Болжам: Риодағы алғашқы жарыс күніне дзюдодан қатысып жатқан екі спортшымыз медаль алады

Ол ширек финалға дейін еш қиындықсыз жетеді, сөйтіп өзінің басты қарсыласы, яғни өзбек спортшысы Урозбоевпен бетпе-бет келуі керек. Одан жоғары топта бразилиялық Китадаи мен әзербайжандық Сафаров топ жаруы мүмкін. Жапондық Такато, корейлік Ким және гүржі Папинашвили де басқа топ бөлігінде.

Сметовке Олимпиаданың «күмісі» бұйырады деп болжап отырмын.

Әйелдер арасында 48 келі салмақта жеребе тартуда біздің Галбадрах Отгонцецегтің де жолы болды. Оған ширек финалға шығу үшін әлсіз қарсыласынан тек 1 жекпе-жекті жеңуі керек. Содан кейін ол жапондық Кондомен тартысқа түсуі мүмкін.

Жеңілген күннің өзінде Отгонцецегте «қоланы» алуға барша мүмкіндіктер бар.

Ал Бахтияр Қожатаев пен Андрей Зейц қатысып отырған топтық шосселік веложарыста алғашқы “ондыққа” кіру үшін қандай да бір мүмкіндік көріп тұрғаным жоқ.

Ал бокстан, менің ойымша, 60 келі салмақта америкалық қарсыласын бірінші додасында біздің Берік Әбдірахманов жеңетін болады”.

Айдар Махметов, Facebook-гі жеке парақшасындағы жазбасы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз