Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-14
USD
525
+13.36
EUR
552
+11.86
RUB
4.93
+0.20

Бизнесмендер “уххх!” деді. Ұлттық банктің не істегенін білесіз бе?..

254

Бизнес қауымдастықтың осы үрейін басу үшін Ұлттық банкке шұғыл шешім қабылдау керек болған секілді. Сөйтіп, еліміздің бас банкі доллардың бағамын тұрақтандыруы тиіс базалық сыйақы мөлшерлемесінің құнын өсірді. Ол, расында, жағдайды түзей ала ма? Бұған сарапшылар не дейді екен?

«Бітірді ғой…». Сарапшы банктерге бөлінген 300 млрд теңге зейнетақы ақшасына қатысты сұмдықты айтты

Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы сараптама орталығының сарапшысы Рамазан Досов ақша-несие саясатының мықтап қолға алынуы валюта нарығындағы жағдайдың тұрақталуына ықпал етеді, деп санайды.

“Базалық сыйақы мөлшерлемесі өскен соң, теңге долларға шаққанда, нығая түсті. 1 АҚШ доллары қазір 363,6 теңге боп тұр, яғни ұлттық валюта 6,38 теңгеге нығайған.

Бірақ несиенің қымбаттау қоюы екіталай деп ойлаймын. Себебі бүгіндері ақша құралдары шектеулі, банктер тұтынушылардың салымы мен шотта сақталып тұрған ақшасына тікелей тәуелді (80 процент).

Сондықтан қысқа мерзімге арналған банк өнімдерінің проценттік сыйақысы көтеріле қоймауы керек. Осы жағынан алғанда, базалық сыйақы мөлшерлемесінің өсуіне байланысты несиелендіру қарқыны бәсеңси қоймайды”, – дейді ол.

Досов Ұлттық банк монетарлық саясатын жылдың соңында тағы бір мәрте қарап, оны қайтадан бекітетінін еске салды.

“Ұлттық банктің инфляцияға қатысты алдын ала жасаған болжамдары дөп түсіп жатқан жоқ. Асып түсепесе, кемімейді. 2019-2020 жылдары инфляция қандай болады, оны болжаудың өзі қиындау. Сондықтан Ұлттық банк ақша-несие саясатын тағы да күшейте түсуі мүмкін. Инфляцияны тежеу үшін тағы да”, – дейді сарапшы.

Қазақстанда доллар неге өсе береді? – белгілі кәсіпкер үлкен шындықты айтты (видео)

Ал “Финам” сарапшысы Алексей Коренев мүлдем басқа пікірде. Ол ақша-несие саясатын қатаңдату мәжбүрлі шара екенін, оның бірқатар негативті фактормен тұтасып жататынын айтады.

“0,25 процентке көтерудің өзі бизнес қауымдастық үшін білініп қалуда. Мұндайда жалпы мемлекеттік деңгейде инвестициялық белсенділік төмендеп кетеді. Ол айналып келіп, тұтынушылық белсенділікті шектейді. Себебі несие қымбаттайды ғой. Ипотекаға деген сұраныс да күрт төмендейді өйтсе. Баға өседі тағы да.

Инфляциялық тәуекелдерден сақтанған Ұлттық банк осылайша басына тағы бірнеше мәселе тудырып алады. Сондықтан ол бұл ретте де шешім іздеуге мәжбүр болады.

Сыртқы экономикалық ахуал жетісіп тұрған жоқ. Тағы да теңгенің құнсыздану қаупі бар. Оның қатты құнсызданып кетпеуі үшін Ұлттық банк жылдың соңына дейін базалық сыйақы мөлшерлемесін тағы қымбаттатуы мүмкін. Айналып келгенде, Ұлттық банк мәселені шеше алмай,  сол бір тұйықталған шеңберден шыға алмауда”

– дейді ол.

«Кету керек…». Досым Сатпаев қазір Қазақстанда не боп жатқанын айтты

Негізінен, Ұлттық банк базалық сыйақы мөлшерлемесін өсіргенде, ол теңгенің құнсыздануын тежеп,  активтерді теңге түрінде ұстауға мүмкіндік беріп, ол инфляцияны ауыздықтайды деп санайды.

Дайындаған Кәмшат Сатиева

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз