Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
3
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Әбілязов пен Храпуновтың 40 миллион доллары “бұғатталды”

383463291

Қазақстанда “Әбілязов пен Храпунов сыбайлас жемқорлық жолымен заңсыз 4 миллиард долларды иеленген” деп айыпталады. Тергеу барысында осы соманың 40 миллионы жалған фирмалар арқылы Нью-Йорктегі  Flatotel қонақүйіне және көппәтерлі үй мен Cabrini медициналық орталығы құрылысына жұмсалғаны анықталған.

Қазақстан билігі ұрланған ақшалардың қайда жұмсалғанын білгенде Әбілязов пен Храпунов Flatotel-дегі үлесін Chetrit Group компаниясына жеңілдетілген бағамен 21 миллионға сатпақшы болады. Алайда америкалық кәсіпкерлер олардың бұл ұсынысын қабылдамаған. Ақырында қазақстандық «әріптестер» қарыздарын жабу үшін өз активтерін конкурстық басқаруға аударуды талап етіп, олардың үстінен сотқа шағымданады.

Сот 2016 жылы Chetrit Group-ке Әбілязов пен Храпуновқа 10,5 миллион доллар төлеуін міндеттеген. Сондай-ақ осы мәселеге қатысты тағы екі іс соттың қарауында жатыр. Қомақты қаржыны жымқыру бойынша үлкен істі қарап жатқан федеральды сот бұл ақшаның кімге тиесілі екенін анықтамайынша, 40 миллион доллар арнайы шотта сақталатын болады.

«Бұл, егер Билл Гейтс: «Әділ қазы, Сіз білесіз бе, менде бір тиын ақша жоқ» дегенмен бірдей нәрсе. Біз осындай адамдар туралы айтып отырмыз» делінеді сот барысын тіркеген құжатта Әбілязов пен Храпунов туралы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз