Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Билік парақор шенеуніктер “жеген” ақшаның жартысын да қайтара алмауда

ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысында ол өткен жылы

республикалық деңгейде 18 шенді, облыстық деңгейде 59 басшы және қалалық және аудандық деңгейде 134 бастық қылмыстық жауапкершілікке тартылды

деген дерек келтірді.

Міне, осы парақор шенеуніктердің кесірінен 2016 жылы бюджет қазынасы 13,6 млрд теңгеге ортайды, жауапқа тарту кезінде олардан 5,3 млрд теңге ғана өндіріліп алынды, яғни зиянның 39 пайызы.

Шпекбаевтың айтуынша, былтыр 156 мемлекеттік орган қызметінің жемқорлыққа бейімділігі деңгейіне сараптама жасалған, соның қорытындысы бойынша 2 мыңнан аса себеп пен салдарды жоюға қатысты ескерту мен кеңестер берілген.

„Мемлекеттік органнан мемлекеттік органға„, „әкімдіктен әкімдікке„ жобалары аясында министрлік пен жергілікті атқарушы органдарда жұмыс істейтін қызметкерлермен кездесулер ұйымдастырылып, осы негізде түсіндіру жұмыстары жүргізілді„, – дейді Шпекбаев.

Отырыс соңында ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия бойынша кезекті жоспарды әзірлеуді тапсырды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз