Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бес әлеуметтік бастама” аясында шағын несие қалай беріледі

Маманның мәлiметiнше, халыққа жеңiлдетiлген несие қазiргi қолданыстағы бағдарламаға сәйкес келесiдей берiледi.

Кәсiпкер 8 мың АЕК мөлшерiне дейiн, яғни 18 млн теңгеге несие ала алады. Берiлетiн мерзiмi – 5 жылға дейiн. Ал, ауыл шаруашылығын дамытатын кәсiпкерлерге мерзiм 7 жылға дейiн ұзартылады. Несие мөлшерлемесi 6 пайыздан аспайды. Бизнесiн жаңа бастап жатқан азаматтардың қаржысының 85 пайызын мемлекет кепiлдендiрсе, мемлекет бизнесiн одан әрi дамытатын азаматтар қаражатының 50 пайызын кепiлдендiредi.

«Қазiргi таңда шағын несие бастамасын iске асыру аясындағы шараларға келсек, Елбасының тапсырмасына сәйкес қосымша 20 млрд теңге қаражат бөлiнiп жатыр. Жалпы, 2018-21 жылдарға арналған бюджетке қарастырылған қаражат есебiнен шағын несиелеуге 42 млрд теңге қарастырылған болатын. Ендi жалпы 2018 жылы шағын несиелеу қаражатының мөлшерi (20 млрд-ты қосқанда-авт.) 62 млрд теңгенi құрайтын болады. 20 млрд теңгенi бөлу мәселесiне келсек, бұның 14 млрд теңгесi ауылдық тұрғындарды несиелендiруге жiберiлiп жатыр. Бұның 10 млрд теңгесiн якорлық кооперация тетiгiн атқаруға жұмсайын деп отырмыз. Ал 6 млрд теңгесi қалалық тұрғындарды несиелеуге жiберiледi», – дедi Халықты жұмыспен қамту және еңбек нарығын дамыту департаментi директорының орынбасары Абулхатин.

Оның айтуынша, ауылдық жер тұрғындарын несиелеу бағдарламасының операторы – Ауыл шаруашылығы министрлiгi. Несие Аграрлық несие корпорациясы, негiзiнен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы берiледi. Жалпы, алдағы уақытта сәйкес заңдарға тиiстi өзгерiстер енгiзiледi.

«Бұл бастама нәтижесiнде биыл шағын несие алғандар саны 2017 жылмен салыстырғанда екi есеге артады, яғни шамамен 14 мың адамға жетедi деп болжап отырмыз. Бұл қосымша жұмыс орындарының ашылуына, салықтың түсуiне, кәсiпкерлер санының артуына септiгiн тигiзедi. Дегенмен, осы қаржылай несие алған 14 мың адамның барлығы өзiнiң бизнесiн 100 пайыз өрлетiп кетедi деп айта алмаймыз. Себебi, жағдай әртүрлi болуы мүмкiн. Мысалы, былтырғы жылдың тәжiрибесiне келсек, кейде шағын несиенi алған адамдар қайтыс болып кетедi немесе Шығыс Қазақстандағыдай су тасқыны, яғни күтпеген табиғи жағдайлар болып тұрады. Бұндай жағдайлар сирек кездескенiмен, олар бар. Сондықтан, несиенi пайыздық мөлшерлемесiнiң iшiне қайтпайтын несиенiң тәуекелi салынып отыр. Яғни, бұл тұста шағын несиелеу мекемелерi толық кепiлдеме бередi», – дедi Ерболат Абулхатин.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз