Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бергелі жатырмыз ғой…”. Білім вице-министрі жалақы туралы айтқан Қарағұсоваға жауап берді

256

Қаулы 7 ақпан күні шықты, қазір өңірлер шұғыл тәртіпте есеп жүргізеді және менің пайымдауымша, ақпан айының жалақысы берілерде қаңтар және ақпан айларының үстемақысы бірге түседі»,

– деп жауап берді ол ҚР БҒМ алқасының кеңейтілген отырысы аясында журналистердің сұрағына.

Сонымен бірге, вице-министр жалақыға қосылған үстемақының аздығы туралы Парламент Мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсованың сынына жауап берді.

https://kaz.365info.kz/otirik-bari-eks-ministr-kharagysova-zhalakhyga-khatysty-symdykh-malimdeme-zhasady-301102

«Кабинетті меңгеру, сыныпқа жетекшілік етуге қосылатын төлемдер 5 мың теңгеден аспайды, бұл тұрғыда Қарағұсованың алаңдаушылығын түсінемін. Бірақ, қазір Мемлекет басшының тапсырмасымен қарастырылған лауазымдық жалақыны көбейтуде анағұрлым көбірек ақша қосылады.

Мәселен, орта есеппен мұғалімдер 80 мың теңге алса, оған қоса 30 процент үстеме ақы, яғни бұл жағдайда 24 мың теңге қоса алады»,

– деді Бибігүл Асылова.

Вице-министрдің айтуынша, 1-қаңтардан бастап, республика аумағындағы 90 мыңға жуық мұғалімнің жалақысы көбейеді. 1-қыркүйектен бастап – 200 мың мұғалім ұлттық біліктілік тестін тапсыру арқылы өз еңбекақыларын көбейте алады. Аттестацияның жаңа ережелері әзірленіп жатыр. Бұған дейін, Бибігүл Асылова өзінің қанша жалақы алатынын мәлім еткен болатын.

Айта кетелік, бұған дейін Мәжілісте депутат Гүлжан Қарағұсова жылда көтердік деп айтылатын ұстаздар жалақысының нақтысында көтерілмейтінін айтып, айды аспаннан бір-ақ шығарып еді.

„2016 жылдан бастап елімізде республикалық және жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлеріне жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізілген. Бұл рас нәрсе.

https://kaz.365info.kz/tomen-zhalakhyga-shagymdangan-mygalim-tyrmege-khamaldy-297249

Жаңа жүйеге көшу арқылы денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын 28 процентке, білім және ғылым қызметкерлерінің жалақысын 29 процентке дейін көтеру жоспарланған. Солай емес пе еді?.. Ал нақтысында не болды? Білмесеңіздер айтып берейін, 2016 жылы білім қызметкерлерінің жалақысы одан алдыңғы жылмен салыстырғанда 6,4 процентке, ал әлеуметтік қызметтер және денсаулық сақтау қызметкерлерінікі бар-жоғы 0,7 процентке ғана көтерілген.

Ол ол ма, 2017 жылы білім қызметкерлерінің нақты орташа жалақысы 4,4 процентке, ал әлеуметтік қызметтер және денсаулық сақтау қызметкерлерінікі 4,3 процентке азайған.

Ал бұл не деген сөз?

Бұл іс жүзінде білім, денсаулық сақтау және әлеуметтік салалардағы қызметкерлердің жалақысы көбеюдің орнына азайған деген сөз», — деді Қарағұсова ханым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз