Нұр-Сұлтан
Қазір
-8
Ертең
-12
USD
499
+0.17
EUR
523
+3.12
RUB
4.81
-0.04

Бензин экспорты 125 млн доллар әкелді, ал дизель отынын импортауға көбірек қаржы жұмсалды

122
Ашық көздерден алынған сурет

2020 жылғы қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша отандық бензин 125,6 млн долларға шетелге сатылды. Салыстырар болсақ,

  • арпа экспорты 109,5 млн,
  • мырыш кендері мен концентраттары – 102 млн,
  • қорғасын – 66,3 млн,
  • көмір –  215,3 млн долларды құрады.

Қазіргі көрсеткіштер былтырғы көрсеткіштен бірнеше есе артық. 2019 жылдың ұқсас кезеңінде бензин сату көлемі бар болғаны 2,6 миллион долларды құрады.

Біздің бизнес кімге керек?

Қазақстандық отынды әлемнің 8 елі сатып алады. Ең ірі сатып алушы – Ауғанстан. Олар 8 айда 156,6 мың тонна өнім алған. Ақшалай түрде бұл 40,6 миллион доллардан асады. Тамыз айында экспорттың нақты көлемінің 70%-ы осы елге тиесілі болды.

Нидерландыға жіберілген экспорттан біршама азырақ пайда түсті – 36,3 млн доллар. Дегенмен жеткізілімнің нақты көлемі 76,9 мың тонна.

Бұдан басқа, отын

  • Тәжікстан (15,8 млн доллар),
  • Қырғызстан (14,1 млн),
  • Грузия (11,8 млн),
  • Өзбекстанға (6,4 млн) жіберіледі.

Ресей мен Моңғолияға да шағын көлемде бензин сатылды (жалпы – 0,5 млн).

Өндіріс көлемі  артар емес

Бұл ретте елімізде бензин өндірісі 2019 жылдың деңгейінде қалды. 9 ай ішінде 3 млн 252,6 мың литр өндірілді. Бұл 2019 жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткіштерінен 0,3% – ға артық.

Жылдың басында ғана көбірек өндірілді: қаңтарда  426,6 мың тоннаны құраса, ақпанда – 404,5 мың, ал сәуірге қарай көлем 290 мың тоннадан төмен түсті. Қыркүйек айының көрсеткіші – 380,2 мың тонна.

Қазақстанның элитасына коронавирус қалай әсер етті: кім әлсіреп, кім күшейе түсті?

Айтпақшы, бензин бағасының динамикасы қазір оны өндіру көлеміне аса байланысты емес. Қаңтарда шығарылым шарықтау шегіне жеткен кезде ресми деректер бойынша құнның өсуі 2,7%-ды, ақпанда 2,1%-ды құрады.

Бес ай бойы – сәуірден тамызға дейін ішкі нарықтағы баға төмендеді, ал қыркүйекте 0,1%-ға өсті. Қазір бензин жыл басына қарағанда 2,7%-ға (және 2019 жылдың қыркүйегіне қарағанда) қымбатырақ. АИ-92 басқаларға қарағанда көбірек қымбаттады (жыл басынан +2,8%), ең арзаны – 95-ші және 96-шы (0,8%) белгілі бензиндер.

Өзіміздің дизель отынымыздың көлемі азайды

Дизель отынына келетін болсақ, өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда төмендеді. 2020 жылдың 9 айында 3 млн 529,4 мың литр өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінің 93,9%-ын құрайды.

Тек екі рет көрсеткіштер 2019 ұқсас айына қарағанда жоғары болды. Ақпан айында (357,7 мың литр, +13,9%) және тамызда (480,2 мың литр, + 3,8%). Барлық басқа айларда өндіріс айтарлықтай төмен болды. Мысалы, мамыр айында ол 2019 жылғы деңгейдің төрттен бір бөлігіне ғана жетті.Отандық өндірісітің төмендеуі аясында импорт өсті.

8 айда республикаға 364,2 мың тонна дизель келді – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 2,5 есе көп

Бағасы жағынан сатып алулар 88,3 млн-нан 127,8 млн долларға дейін өсті. Импорттық ДО  қант (120,6 млн), тазалағыш және жуғыш заттар (122,1 млн), тыңайтқыштар (101,1 млн) және жүк көліктеріне (81,2 млн) көбірек қаржы төленген. Бұл ретте Қазақстанға дизель отынын жалғыз жеткізуші Ресей болып қала береді.

Бір қызығы, импорттың өсуіне қарамастан, дизель отынының бағасы арзандауда Қазір ол, ресми деректер бойынша, жыл басындағыдан 3,3%-ға аз және бір жыл бұрынғыға қарағанда 1,3%-ға арзан. Бағалар қатарынан 7 ай бойы төмендеді. Маусымн айынан бастап 0,1%-ға арзандады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз