54 жастағы британдық Джули Никлин 2005 жылғы Smart Fortwo көлігінің ауа тартқышына бензин құйып, көлігін өртеп алды, деп жазады autorambler.ru.
Әйел жанармай құю стансасына келген соң бензин құю пистолетін алып, оны шатасып автомобилінің ауа тартқышына салған. Ол бензинді машинаның моторлы бөлігіне құйғандығын аңғармаған. Джули көлігіне отырып оталдырған кезде жалын лап ете тұскен. Абырой болғанда, сол маңда жүрген бейтаныс адам көмекке тұра ұмтылып, оны жанып жатқан машинадан шығарып үлгереді. Әйел көлігінен айырылғанымен өзі зардап шеккен жоқ.
Дереккөз: inform.kz