Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Бензин бағасы әлі тұрақтамайды, 165 теңгеге дейін барады”. Бозымбаев шынын айтты

«Бензин бағасының өсуіне әсер еткен себептер бар.

Біріншіден, қыркүйек айында жалпы Ресейлік бензиннің үлесі біздің нарықта 30 пайыз ғана болса, қазанда 40 пайызға жетейін деп отыр. Ал Ресейдегі бензин бағасы жоғары.

Біздің компаниялар Ресейден бензинді 1 тоннасын 570 долларға сатып әкелуде»,- деді ол.

Оның дерегінше, бүгінде Шымкент пен Атырау мұнай өңдеу зауыты 100 пайыз жанар-жағармай шығарып жатыр. Жалпы қазан айында еліміздің ішкі нарығына АИ-92 маркалы 160 мың тонна бензин шығарылады. Ал бұл өнімді тұтыну көлемі айына 180-275 мың тонна болуы мүмкін.

«Сондықтан осы айда 100 мыңнан астам тонна АИ-92 бензинді Ресей Федерациясынан импорттаймыз. Осыған байланысты бағалар өсуі, 165, 155, 157 теңге болуы мүмкін.

Бірақ ол бір айға ғана созылуы ықтимал. Өйткені, осы айдың соңына дейін Павлодар мұнай өңдеу зауыты көп жыл созылған жаңғырту жұмыстарын аяқтап, тиісті қондырғылар іске қосылады», – деді Бозымбаев.

https://kaz.365info.kz/ol-bylaj-goj-maman-dollar-men-benzinnin-nege-khymbattaj-beretinin-ajtty-282179

Министрдің атап өтуінше, осыдан кейін қараша айында отандық нарықтағы Ресей бензинінің үлесі 40-тан 20 пайызға ал желтоқсанда 15 пайызға төмендейді.

«Жалпы өзіміздің зауыттарда шығарылатын бензиннің бағасына ықпал етуге мүмкіндік бар. Сондықтан қараша, желтоқсаннан бастап баға тұрақты болуы керек. Ал «ҚазМұнайГаз» Атырау мен Павлодар зауыттарын жаңғыртуды дұрыстап бітірсе, онда қаңтар айынан бастап бензиннің 100 пайызы еліміздегі үш зауыт тарабынан қамтамасыз етіледі», – деді Қанат Бозымбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз