Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
14
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Белгілі сазгер мені зорламақ болды – бойжеткеннің құпиясы

257

Жол шетіне жүгіріп шығып қол көтерген бір бойжеткенді отырғыздым. Отырған бойда «Оңбаған, ит. Сүмелек. Подлец. За кого считает меня. Ублюдок» деген секілді боқтықты боратып орысша-қазақша біреуді сыбап отыр.

Жап-жас қыздың мені адам деп санамай, боқтықты ұрып отырғаны біртүрлі екен.

Шыдай алмадым. «Қарындасым не болды? Ашулысың ғой. Біреу ренжітті ме?» дедім.

Кешіріңіз аға, артық кетсем. Неге ашуланбаймын? Қазіргі еркектер ұсақталып кеткен. Қыздардың бәрін жезөкше, жүргіш көретін секілді. Жаңа ғана сондай бір оңбаған мені алдап зорламақшы болды, деді.

«Апырай-ә, қалайша?» деп бойжеткенді әңгімеге тарттым.

https://kaz.365info.kz/iliyas-meni-zorlady-ma-ykhpaj-khaldym-294279

Ән айтқанды жақсы көремін. Домбыра, гитара тартуды кішкене кезімнен үйрендім. Қолым тиген кездерде караокеге барып ән айтып қайтатыным бар. Содан жақында дос қыздарыммен бір тойға бардық. Тост сөйлеген соң, мені жақсы танитындар «әнді жақсы айтасың, бір ән сал» деген соң бәлсінбедім. Қуаныш иелеріне арнап бірнеше ән салдым. Сол тойда гитарасын көтеріп белгілі бір сазгер әнші жүрген. Сол келіп жата жабыссын маған. «Дауысың керемет екен. Нағыз сахнада жүретін әнші болуға лайықсын. Менің жаңадан жазылған бірнеше әнім бар. Тіпті дуэтке жазылған әнім де даяр. Тек қосылып айтатын әнші қыз таппай жүр едім. Сен жақсы кездестің. Бірге айтайық. Клип түсіреміз. Сен менің әндерім арқылы халыққа таныласың. Нағыз «жұлдыз» боласың» дегені.

Әнші-сазгер ағаның айтқаны көңілге қона кетті.

Халыққа танымал әнші болу кімге де арман. «Жұлдыз» атанасың. Ел сені алақанға салып ұстайды. Танымал боласың. Бұдан тыс той-томалаққа шақырады. Күреп ақша табасың.

Осындай ойлар лып етіп басыма келді. Бірден әлгі сазгер-әншінің айтқанына келісе кеттім. «Ертең кездесейік» деп телефонымды алып қалған. Бірақ ертеңіңде, ондан кейін де қол тимеді. Әлгі сазгер күніне бірнеше мәрте звондайды. Содан сәті бүгін келген.

Кафеге бардық. Аздап қызыл шараптан ауыз тидім. Сазгер-әнші әңгімені ұрып отыр. Оның айтуынша, бүгінде сахнада жүрген біраз әнші қыздар осы кісінің әнін айтып, жұртқа танылыпты. Бәрі «жұлдыз» атаныпты. Бұл кісі соларға жол ашып, тек алғысына бөленіп, «сауабын» алып жүрген «керемет» сазгерге ұқсайды. Сөз арасында

«сенде тек дауыс қана емес, сұлулық бар. Фигураң вообще мощный. Тыңдарман сені бірден көкке көтеріп әкетеді. Менің бір-екі әнімді айтсаң болды. Қазірдің өзінде бес минутсыз «жұлдызсың». Мен оны сезіп отырмын»,

деп мені мақтап қолымнан ұстап өзіне тартып қояды.

https://kaz.365info.kz/sorly-khazakhtyn-birisin-zhezoksheden-soz-estigen-taksist-294026

Содан не керек, кафеден шықтық. «Жүр, менің студияма. Нотаға қарап бір-екі ән айтып көресің» деп болмады. «Түн ортасы болып қалды, басқа жолы барайын» деп едім, болмады. Амалсыз айтқанына көніп, бардым. Студия дегені екі бөлмелі пәтер екен. Бір бөлмені түрлі музыкалық аппараттарға толтырып қойыпты. Екінші бөлме демалатын екен.

Барған бойда әлгі сазгер ағамыз басқаша сөйлей бастады. Шамасы, менің оның айтқанына көніп, түн ортасында студияға келгенімді басқаша түсініп қалған сияқты.

«Қандай сұлу қызсың. Мен сені керемет «жұлдыз» жасаймын. Бірақ алдымен былай деп…» мені құшақтап, қадала сүйіп, шешіндіруге тырысып жатыр. Сазгер ағадан мұндай қылық күтпеген едім. Диванға алып ұрып шешіндіре бастаған соң төпештеп бетінен ұрып, айқай салдым. Түн ортасы болғандықтан ба, дауысым қатты шықты. Ол менен мұндай әрекетті күтпесе керек. «Ақырын, түн ортасы. Елден ұят болады. Түсінсеңші енді… кез-келген әнші қыз сахнаға осылай төсек арқылы келеді. Қолымды қақпа. Әншілік өміріңе мен жол ашып беремін», деп тағы шабуылға көшсін.

Негізі мінезім шәлкестеу еді. «Мен сізге кез-келген қыз емеспін, көне салатын. Солармен жатып, жолын аша беріңіз. Біреудің астына жатып әнші болмай-ақ қояын, Ашыңыз есікті. Кетемін. Ашпасаң жұртты көмекке шақырамын. Абыройың төгіледі», деп айқайлап бердім.

https://kaz.365info.kz/kari-khatyndardyn-khuyrshagyna-ajnaldym-bojdakh-taksistin-bastan-keshkeni-301279

Қорқақ адам екен. «Мен жай қалжыңдап едім» деп қояды. Манағы батырлығы далада қалған. Күйбеңдеп жүріп есікті ашты. «Мен сізді ел таныған белгілі әнші-сазгер десем. Енді маған хабарласпаңыз. Әнші болмай-ақ қойдым», деп есікті тарс жауып шығып кеттім. Қазір содан шыққан бетім,  деді әлгі бойжеткен.

Аты-жөні кім, деп едім, қыз жаратпай қалды.

Қазір кім екенін айтсам, сүйінші сұрағандай оны әйеліңізге айтасыз. Ол подрушкасына жеткізеді. Сіз өз достарыңызға айтасыз. Содан «бәленбай» деген сазгер сондай екен» деген өсек тарайды.

Қазіргі еркектер белгілі ғой. Ұсақталып кеткен. Бәрі қатыннан бетер өсекші. Атын айтпай-ақ қояйын. Сіз білмей-ақ қойыңыз, – деді бейтаныс бойжеткен.

Оны айтқан жеріне жеткізіп тастап, берген бес жүз теңгесін қалтама салып адым. Бірақ «талай әнші қызды төсек арқылы жолын ашып бердім» деген сазгердің атын біле алмай қалғаныма өкініп қалдым.

Енді, өсек деген жақсы ғой… Кім жек көрсін? Жұрт әлгі сазгердің қандай адам екенін біліп, біраз табалаушы еді. Әттең…

Жұмахан, таксист
https://kaz.365info.kz/meni-zorlady-k-jeuin-k-rgen-jel-talyp-aldy-245280

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз