Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бекер істеппін”. Адамдар 10 жылдан кейін неге өкінеді?

277

Сіз өзіңіз қатты жақсы көретін жанға сезіміңізді уақытылы білдірмегеніңіз үшін өкінесіз.

Сіз өз таңдауыңыздан гөрі сырттағы адамдардың сіз туралы пікіріне көп көңіл бөлгеніңіз үшін өкінесіз.

Сіз өзгелердің көңілін табуға көп уақытыңызды жұмсап, өзіңіз үшін маңызды дүниеге уақыт бөлмегеніңіз үшін өкінесіз.

Сіз табысқа жету жолында өзіңізге сенімсіздік танытып, тәуекелге бара алмағаныңыз үшін өкінесіз.

Сіз ата-анаңызға «Мен сізді жақсы көрем», — деп көбірек айта алмағаныңыз үшін, ата-анаңызды қуанта алмағаныңыз үшін өкінесіз.

Сіз ең бастысы өзіңіз үшін өмірдегі ең маңызды дүниелерге уақыт бөле алмағаныңыз үшін өкінесіз.

Сіз бос дүниелерге жұмсаған уақытыңызды ойлап, өкінесіз.

Сіз өзіңіз үшін бәрін істеуге дайын жандарды бағалай алмағаныңыз үшін өкінесіз.

Сіз өзіңіздің жаныңызға жақын жандар үшін ақша қимағаныңыз үшін өкінесіз.


https://kaz.365info.kz/lerdej-kinemin-studenttik-sha-ta-y-zh-risim-aldymnan-shy-ty-247759
Иә адамның өкініші осымен бітпейді. Әлемде неше адам болса сонша тағдыр бар екені анық. Бұл ақпарат сіздің көңіл-күйіңізді түсіру үшін емес, бірнеше жылдан кейін өкінбеуіңізге аз да болса көмектесу үшін жазылған. Өкінбеңіз… Себебі өткен өмір қайта оралмайды. Тек алдағы уақытта өкінбеу үшін әрекет етіңіз… Жаныңызға жақын жандардың, маңызды да қайталанбас сәттердің қадірін біліңіз.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз