Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Бекболаттан не пайда?”. Блогер-қыз депутат атаулыны масқара қылды

Иә, танымал блогер және депутатқа кандидат болып, бірақ «ол жаққа» өтпей қалған Аида Жексен солай депті өз парақшасында.

Жалпы, мұндайларды депутаттар жағына өткізбей ме, әлде Аида Жексен депутат болуға лайық емес, бәле қуған әйел ме екен? Білмедік анығын…

Бірақ Жексен былай депті, қысқасы:

“Шахтерлер ереуілге шыққанда қай депутат Шахтинскіге келді? ШҚО-ны су басқанда зардап шеккендерге қай депутат келді? ОҚО-дағы бала зорлау ісінде ше? Енді сіздер өңірлерге шығып, халықтың онсыз да жаңалықтардан оқып жүрген нәрселерін түсіндірген болып жүрсіздер. Сіздер үшін бюджет үлкен шығындарға батып жатқанын білесіздер ме?! Халықты топас санайсыздар ма, әлде, халық президенттің бағдарламаларымен өз бетінше таныса алмайды дейсіздер ме? Тарихта болған ондай мысал. Христиан миссионерлері Африкаға барып, аборигендерді өз дініне кіргізген. Бірақ біз Африкада тұрмаймыз ғой, халық та абориген емес.
https://kaz.365info.kz/araly-k-n-ajda-lde-deputattar-r-satsyz-s-jleuden-or-a-ma-236278

Қазір депутаттар аспаннан түскен Құдайдай халыққа түсіп, онсыз да түсінікті нәрселерді түсіндірген болады. Депутаттарды цирктегі өнерлі хайуан сияқты жергілікті мекемелер мен зауыттарға тасумен әлек”,

дейді блогер.

Депутаттардың Қазақстанның біресе ана жеріне, біресе мына жеріне сапар шегіп жүретін пайдасыз тірлігі Аида Жексеннің жынына тиеді екен. Жолға, пайдасыз жүріс-тұрысқа жұмсалатын қайран ақша-ай. Ол мынадай балама ұсынады:
https://kaz.365info.kz/uahabist-emespin-nyr-otanskimin-bekbolat-tileuhan-akhtala-bastady-275752
“Салық төлеушілердің ақшасын жүріс-тұрыстарыңызға, ұшақ билеттері мен қонақ үйлерге жұмсап жатқаныңдарыңызға ұялмайсыз ба? Скайппен қалай сөйлесуді білмейсіздер.

Жалақысы сіздерден 10 есе төмен дәрігерлердің алдында тұрып, біздің елде бәрі керемет деп айтудан қалай ұялмайсыздар?

Мен түсінемін, сіздердер тіпті өңірлерге де өз еріктеріңізбен шықпайсыздарсіздерге салса, Астанада отыра берер едіңіздер! Ал сіздің жүріс-тұрыстарыңыздан үнемделген ақшаны ШҚО-дағы су тасқынынан зардап шеккендерге, немесе мұғалімдер мен дәрігерлердің айлығын өсіруге жұмсаңыздар, халыққа шын жаны ашитын депутат болсаңыздар”, — деп аяқтайды өз жазбасын Аида.
https://kaz.365info.kz/deputat-khoj-mojyndamajdy-bloger-bekbolat-tileuhannyn-yrlygyn-ashty-303525

Аида Жексеннің парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз