9 ақпан күні елдің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, жекелеген аймақтарда жауын-шашын қатты болады, тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді, – деп хабарлайды Қазақпарат.
«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, тұман түсіп, 15-20 м/с күшпен соққан желдің екпіні күндіз 23 м/с жетуі ықтимал.
Жамбыл облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман, көктайғақ болады, 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел 23-28 м/с күшейеді, облыстың оңтүстік-батысында оның екпіні 30 м/с асады.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, күндіз өңірдің басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, түнде оның екпіні 23 м/с артады.
Түнде Қызылорда облысының кей аумақтарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қостанай облысының басым бөлігінде бұрқасын күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.
Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде бұрқасын соғып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей бөліктерінде бұрқасын күтіледі, күндіз басым аумақта 15-20 м/с екпінде жел тұрады, оның жылдамдығы кей жерлерде 25 м/с жетуі ықтимал.
Қарағанды облысының жекелеген жерлерінде бұрқасын, тұман болжанады, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, оның екпіні кей жерлерде 23-28 м/с, 30 м/с-қа артады.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, желдің екпіні 25 м/с жетеді.