Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Бейбітшілік қаласы». Астанада тағы бір ірі жиын өтеді

Конференцияның мақсаты – өңірдегі және әлемдегі қауіпсіздік пен даму мәселелерін бірлесе шешуде, өзара сенім шараларын және әріптестікті нығайтудың жаңа идеяларын талқылау. Аталмыш тақырып конференцияның бірінші сессиясында кеңінен қаралатын болады.

«Ақылды қалалар» туралы сессияда қатысушылар интеллектуалды қала технологияларын ендіруді, олардың отандық және халықаралық бизнес дамуына ықпалын тигізе отырып, Астананың озық технологиялардың халықаралық орталығы ретінде нығаюын қамтамасыз етуді талқылайды.

Елорданың қаржы, сауда және көлік инновациялық хабы ретіндегі дамуы жоспарына арналған 3-сессия Астананың «Белдеу мен жолдағы» мүмкіндіктерін, оның Батыс пен Шығыс арасындағы диалогтағы рөлін және өңірлік әрі халықаралық сауда мен байланысқа ықпал ету әлеуетін қарастыруды ұсынады.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының, «Жасыл технология» халықаралық орталығы мен Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің іске қосылуы мен қызметіне ерекше назар аударылмақ.

Конференцияға Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фраттини, Ислам ынтымақтастық ұйымыныңбұрынғы Бас хатшысы Экмеледдин Ихсаноглу, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев, Біріккен ұлттар ұйымы Бас хатшысының Сирия бойынша Арнайы өкілінің орынбасары Рамзи Еззельдин Рамзи, сондай-ақ халықаралық ұйымдар мен парламент өкілдері, халықаралық қауіпсіздік, қаржы, қала дамуы саласындағы сарапшылар қатысады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз