Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Батыс Қазақстан өңірінде әйелдер басшылық ететін кәсіпорындар көбеюде

Күні кеше осы өңірге жұмыс сапарымен барған Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззәт Сүлейменнің айтуынша бұл жағынан Батыс өңірі басқа облыстарға үлгі көрсетуде. 

“Өңірдегі бір ғана Ақжайық ауданындағы мәслихатта өкілдік етіп отырған нәзік жанды қауымның үлесі 48 пайыз екен. Бұл тіптен тамаша көрсеткіш, – дейді ол.

Айта кетсек, Батыс Қазақстанға ат басын бұрған комиссия өкілдері осында – «Әлеуметтік саясаттағы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелеріндегі кешенді гендерлік тәсілдің принциптері» тақырыбында семинар-тренинг өткізген болатын.

Өз кезегінде Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззәт Сүлеймен өңірдегі әйел кәсіпкерлер басшылық етіп отырған өндіріс орындарының жұмыс барысымен танысып шықты.

Әйелдер басқаратын шағын және орта бизнес нысандарында тап-тұйнақтай ұқыптылық, тазалық және жүйелілік бар. 

Мәселен өңірдегі нан және кондитер өнімдерін сататын “Балқия” компаниясын әйел басқарып отыр.  Қазіргі таңда кәсіпорын өнімдері Батыс Қазақстан өңірінде ерекше сұранысқа ие. Кәсіпорын кәсіптік білім беретін жергілікті колледждермен де тығыз байланыс орнатқан. 

Кәсіпорын басшысы жұмысқа негізінен нәзік жанды қауымды алуға тырысқан екен. Өйткені кондитерлік жұмыс ыждаһаттылық және ұқыптылықты қажет етеді. 

Салтанат Сәтиева кәсіпорынның белді және белсенді жұмысшыларының бірі. 

-Қазір 3-ші разрядты кондитер маманы болып істеп жатырмын. Өзіме ұнайды. Өйткені тәтті торттың өзі қуанышты сәттерде, мейрамдарда, тойларда болғаны жақсы деп ойлаймын.

Өз кезегінде Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымының орынбасары Ләззәт Сүлеймен Батыс Қазақстан өңіріндегі 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасының ойдағыдай орындалып жатқанына алғысын білдірді. 

– Бұған дәлел Орал қаласындағы «Балзия» жеке кәсіпорны. 15 жыл бойы тұрақты жұмыс істеп келе жатқан әрі отандық өнім шығаратын компания 40-тан астам адамға тұрақты жалақы төлеп  отыр. Компанияны әйел азамат басқарып отырғанының өзі нәзік жанды қауымның қолынан келмейтін іс жоқ екенін дәлелдейді, – дейді ол. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз