Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Бастарына тимеген бе?”. Қорғаста әлі қауіпсіздік шаралары күшейтілмеген

«Қорғас» халықаралық сауда орталығына күніне кем дегенде үш мың адам кіріп шығады екен. Бірақ әр адамға бір айда 50 келі артық зат алып шығуға тиым салынған. Бірақ оны бақылап жатқан жан жоқ.Өйткені, шекарада әлі тәртіп жоқ. Төрт күн бұрынғы кісі өлімінен кейін де қауіпсіздік шаралары күшейтілмеген. Қылмыс болған жердегі қан іздері сол күйінде жатыр. Бірақ кеден бекетіндегі қызметкерлер бұған бас ауыртпайтын секілді. Құзырлы органдар мен «Қорғас» халықаралық сауда орталығының басшылары бар жауапкершілікті бір-біріне сілтейді.

“Бұл жерде әр мемлекеттік орган өз міндетін атқарады. Біз инвестиция тарту, шаруашылық жұмыстарға жауаптымыз. Ал шекарашылардың өз міндеті, кеденшілердің өз жауапкершілігі бар”,-дейді «Қорғас» шекара маңы халықаралық сауда орталығының президенті Қаһарман Жазин

Ал Қорғастағы шекарашылар көрші елге сауда жасауға кірген халықтың тек құжаттарын тексеруге құқылымыз дейді. Кеденшілер болса, жүк тасымалына жауапты екен. Сондықтан саудагерлердің сөмкесін қарап, салмағын өлшеумен әлек болып жүр. Бірақ бұл бекеттен кез-келген адам қару ұстап емін-еркін өтіп кете алады. Өйткені мыңдаған туристі жеке-жеке тексере алмаймыз деген кеденшілер суық қарудың бар-жоғын анықтайтын арнайы құрылғыларымыз да жоқ деп қол қусырып отыр.

“Қазір вокзал, әуежайларда тұрады ғой металл іздейтін құрылғылар. Сондай бізде жоқ. Біз адамды тексере алмаймыз. Жүгін ғана тексере аламыз. Қаруларды қалталарына салып алса көре алмаймыз”,- дейді  «Алтынкөл» кеден бекетінің бас маманы Серік Дайыров

Осылайша адам аяғы көп жүретін жерде қауіпсіздікке жауапты жан табылмады. Ең қызығы «Қорғас» халықаралық сауда орталығында өзінің жеке полиция бөлімшесі бар екен. Мұнда шамамен 75 адам жұмыс істейді. Бірақ алып ғимаратта екі кезекші қызметкерден басқа ешкім жоқ. Сондықтан сауда-саттық қызып тұрған шекаралық аумақта алып-сатарлар мен заңсыз тауар тасымалдаушылардың дәурені жүріп тұр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз