Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Бәсеке жоқ жүйеде басшыға жаға білгендер ғана өседі…

445

Кейде осындайды естігенде, “Осы біздің елді кімдер басқарып отыр?” деген сұрақты өзіңе еріксіз қоясың.

Бір нәрсе анық. Бізді тәуелсіздік алған 27 жылда ешқашан, ешкіммен конкуренцияға түсіп көрмеген, тек жабық әрі өзінің комфортный зонасында ғана өмір сүре алатын “элита” басқарып отыр.

Өздері өзіне жасап алған комфортный зонаның шаңырағы шайқалған күні аттан ауып түсуі мүмкін.

Конкуренция жоқ жүйеде білікті мамандардан көрі, жоғарыдағы санаулы басшыға жаға білген азаматтар ғана өседі. Неше түрлі анекдоттарды жиі-жиі естіп тұратынымыз да осы бәсекесіз, жабық жүйенің жемісі.

“Элитаның” аузынан ел ішінде анекдот болатын неше түрлі ақылдарды әлі көөөп ести беретін боламыз…

 

Әсия БАҒДӘУЛЕТ:

«Ұрысқа кіріспей жатып, жеңіледі»

– Қазақстанда кез келген адамның әрекетсіздігін бетіне басып көріңізші. “Мен не істей аламын” дейді. Өздерін шарасыз, дәрменсіз сезінеді.

Ұрысқа кіріспей жатып, жеңіліп қойған адамдар. Кез келген кедергіні, үлкенді-кішілі сәтсіздіктің бәрін тағдырға, Құдайға, қоғамға жауып қойып, жүре береді. Кеңестік кезден қаналушы, бағынушы рөлі санаға сіңіп кеткен. Жауапкершілік жоқ.

Батыстық идеологияның бір айырмашылығы, бұлар өмірінде нендей нәрсе болса да өздерін жауапты сезінеді. Сол түсініктен қоршаған ортаға, жалпы дүниеге деген жауапкершілік өсіп шығады.

Егер адам өзіне сеніп, әлденеге жетемін десе, шынында оны тоқтататын күш жоқ.

 

Садық ШЕРІМБЕК:

 

«Біз бір орында тұрмыз»

– Мен 2015 жылы Кореяда болдым. Күнде Самсунгтың орталығында, Кореяның ЭКСПО орталығында болдым.

Ана жақта ғылымның жасап жатқан не бір игіліктерін көресіз.

Бір күні білім саласындағы инновациялар, бір күні агросаладағы инновациялар, көлік тасымалдау саласы, смарт қалалар… енді, қоғам ретінде, сұмдық дамып кеткен. Шкала 100-ге кетіп қалған.

Мен сол Кореяда жүрем да, Қазақстанда не боп жатыр деп, әлеуметтік желідегі, фейсбуктағы жазбаларды оқимын.

Қарасам, “Шыңғыс хан қазақ па?” “Намазды қалай оқу керек?” “Салафиттер пәлен, анау анандай” деген сияқты, он жылдан бері әлі талқыланып келе жатқан тақырыптар сөз болып жатады.

Қоғамда даму жоқ, ізгілену жоқ. Бір тақырыпты қайталап отырудан жалықпаймыз. Мына жақты көрем, ана қоғамды көрем…

Сосын, мен жай ғана жарылдым…

Шыны керек, екі қоғамдағы әңгіменің арасымен өтіп көрген соң, менде абсурд болды. Ол сәтті ешкім түсінбейді. Оны жай ғана сезіну керек.

Егер, біздің қоғамның стандартымен, ойлау шеңберімен қалып кететін болсаңыз, тура баяғы әңгімелерден аспайсыз.

 

Расұл ЖҰМАЛЫ:

«Басқа мәселеміз жоқ па?»

Әлем діндерін татуластырған дұрыс та шығар. Бірақ Қазаққа әлде-қайда өзекті мәселелер шешім тапқанын байқамаппын.

Шешкіш болса, күш-жігерді ғаламдық түйткілдерді тарқатқанша, билік іштегі былықтырды еңсеруге неге жұмсамайды?

17 жыл бойғы Діни конференциялардан нақты бір проблема шешілмегенін ескерсе, бұл шара кімге керек? Осы бос әурешілдікті билік өз есебінен көтерсе,мейлі. Тек бұның бәрі Халық, яки Сіз бен Біз есебінен екенін қайда қоямыз?

Соңғысы — атың шықпаса, жер өрте дегенге келіп саятын аталмыш жобаға жұмсалған Халық қаржысы, сол Халықтан неге жасырын ұсталады?

 

Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ:

«Хатшы ұстауға бәрі шебер»

– Мемлекеттік мекемелердегі бюрократияны да Жолдауы барысында Назарбаев қатты сынға алды.

Керек десең, Владимир Маяковскийдің «Прозаседавшиеся» деген өлеңін де мысалға келтірді.

Қазір әкім-қараларды айтпағанның өзінде, ел бюджетінен, халық төлеген салық есебінен күн көріп отырған, ел дамуына қосып жатқан ешбір үлесі жоқ, шығыны шашетектен, ал, пайдадан мүлде жұрдай, шағын ғана мекеменің қозы қарын топас бастығының өзі қарулы күзетпен өзін қоршатып алып, талтаңдап зорға жүруге шақ қалды.

Ештеңе тындырмаса да, қолынан іс келмесе де бюджеттің қаржысымен оққағар мен бірнеше көмекші-кеңесші, түк тындырмайтын хатшы ұстауға бәрі шебер.

Әлде бір шаруамен бара қалған қарауындағы қызметкерлерінің өзін сағаттап күттіріп, керіліп-созылып отыратын тас мүсін, дурак бастықсымақтар қаншама.

Біз оларды «мемлекеттік қызметкер» деп, дардай ғып, бір жерін шелейтіп қоямыз.

Бұл атау шын мағынасы бойынша «халыққа қызмет көрсету» емес, «халыққа құлшылық немесе жалшылық жасау» деген өзінің түпкілікті мәніне оралғанда ғана демократияға бет бұрып, бюрократияны Маяковский айтқандай, тас-талқан етуге болады.

Оны қазақ ата-бабаларымыз «Ұлық болсаң — кішік бол» деп, бірауыз сөзбен түйіндеген. Кішік бола алмасаң, қараңды батыр, кет деген сөз ғой.

Айнұр ТӨЛЕУ:

«Неге?..»

Мақала жазғанда, елбасының жолдауы мен үндеуінен дәйексөз келтіруді мұғалімдерге міндеттеп қойған ба, әлде…?

Білім саласындағы қазіргі жүйе жайында педагогтардың мақаласын оқып отырғанмын ғой. Тоқ етері қайда деп, іздейсің, артыңнан елбасы деген сөз қуып жүреді, сен қашып жүресің…

Бір уақытта “ооо, маған керегі осы ғой деп, ұйып оқи бастасаң, “не ғой , елбасын ұмытып кетпейікші ” дегендей, алдыңнан тағы шыға келеді ғой.

P.S:Былай қарасаң, оқытудағы Кембридж тəсілі жайында жазып отыр. “Жаңаша ойлайтын ұрпақ тәрбиелеуіміз керек” деп қояды.

Бірақ осы идеяны баяғыдағы Ленинсіз сөз бастауға болмайтын дәуірдің тілімен түсіндіреді.

Сонда не болды ал?

 

Асан МҰРАТТЕГІ:

«Ешкім емеспіз»

«Болашақ» бағдарламасымен 13 000 адам оқып келіпті.
130 000 адам оқып келсе де велосипедке бір «запчасть» ойлап таппаған соң, ол да бір құрдымға кеткен бағдарлама болды деп ойлаймын.

Алысқа бармай ақ, эстондар Skype-ты ойлап тапты, белорустар world of tanks-ты ойлап тауып, жылына 500 миллион доллар пайда тауып отыр.

«Кезінде анандай болғанбыз, мынандай болғанбыз, мықты ұлтпыз» дегеннен не пайда? Қазір ешкім болмасақ.

Оралда бір мезгілде 1500 адам домбыра тартыпты, Астанада пәленше адам жиналып, қара жорға билеп, рекорд қойыпты деп мақтанамыз.

Оны әлемде бізден басқа ешкім жасамайды да ғой.

Кімге қойдық ол рекордтарды?

Құдай бізге аста төк қазба байлық берді. Әлемде қазба байлық жөнінде алтыншы орындамыз. 6 триллион долларлық байлық бар екен. Бірақ қызығын тек санаулы адамдар көреді.

Өзбекстанның алдағы 5 жылдық жоспары бойынша, шетелге өзбектерді жұмыс істетпей, ішкі нарықпен қамтамасыз ету екен.

Олар соған жеткенде, біз Кореяға кетіп қалмасақ болды…

 

Редакциядан: Авторлардың жазбалары Фейсбук парақшасынан алынды. Барлығынан рұқсат сұрай алмадық, айыптымыз. Айтары бар дүниені жарияламасақ, қателескен болар едік, бірақ. Жазба авторлары бұл әрекетімізді дұрыс түсінер деген сенімдеміз.   

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз