Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек кәсіпқой боксшы Қанат Исламды қабылдап, жеңісімен құттықтады.
Бұл туралы боксшының PR-менеджері Берік Сұлтан Facebook парақшасында жазды.
«Спортқа жанашырлығыңыз бен жарқын болашақ үшін жасап жүрген еңбегіңізге ризашылық білдіріп, інілік көңілмен Сізге осы белбеуді сыйлаймын», – деді Қанат Ислам.
Белбеуге «Бауыржан Байбек ағама Қанат Исламнан естелік» деген сөз қашалып жазылыпты.
Өз кезегінде қала əкімі ЭКПО-2017 көрмесі аясында өтетін байрақты бəсекеде Қанат Ислам жеңіске жетіп, Қазақ еліне тағы да қуаныш сыйлайтынына сенімді екенін айтты.
Айта кетейік,
Алматы қаласы əкімдігі Қанат Исламның АҚШ-та өткен жекпе-жегінің бас серіктесі болды. Сондай-ақ, 2016 жылы “Алматы аренада” өткен бокс кешіне де қолдау көрсеткен болатын.
Берік Сұлтанның айтуынша, жақын күндері боксшының “QAZAQ” командасы БАҚ өкілдері үшін арнайы баспасөз маслихатын ұйымдастырады.
Еске сала кетейік,
Қанат Ислам Вoxrec порталының әлемдік рейтингінде бірінші орта салмақта жұдырықтасатын 1804 боксшының ішінен 82 ұпаймен 26-орыннан көрінді. Ал соңғы жаңартылған ретингте Қанат 22-орында тұр.