Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Бәріңді тоңқайтам”. Өскемен әкімінің көлігі адам қағып, арты сұмдық болып жатыр

Марқұм жігіттің әкесі әділдік іздеп Астанаға келіп отыр. Өйткені Риддер полицейлеріне сенім қайдан болсын? Оның айтуынша,
https://kaz.365info.kz/nagyz-maskhara-whatsapp-tagy-myna-videony-taratkhan-kim-308362

полицейлер қылмыстың кей фактілерін жасыруға тырысып отыр. Мысалы, «жол апатына себепші оқиға орнынан қашқан жоқ» деген қағаз толтырып қойыпты. Алайда адам қағып, оқиға орнынан қаша жөнелген, тіпті полицейлерге де тоқтамаған әлгі көлік жолдағы өзге көліктердің камераларына түсіп қалған.

Виктор Смольников, марқұмның әкесі:

Қарсы бағытта патруль көлігі келе жатты. Олар күрт бұрылып, әлгі BMW X5 көлігін қуа жөнелді. Өскеменнің әкімі екенін кейін білдім ғой. Куәгерлер көліктен әкім түскенін айтты. Көліктен түскен сәтін көрдім. Ол көлікке бір полицей мініп, қайтадан оқиға орнына әкеп қойды.

Әкімнің аты әкім ғой. Қазір марқұмның әкесін кәдімгідей «қысып» жатыр екен:

Флеш-картадағы жазбаны Ішкі істер департаментіне көрсеттім. Содан кейін Риддердің «уголовный розыск» бөлімінің бастығы маған тікелей қоқан-лоққы жасады. Айғайлап, боқтады мені. Бала-шаға мен әйелімнің көзінше. «Бәріңді тоңқайтамын» деп қорқытты.

Қазір Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев қамауда отыр. Ол жол апаты кезінде мас болған.

Бірақ рөлде кім отырғанын полицейлер мүлдем айтпай отыр. Өскемен әкімі журналистерден қашып жүр.

Кейінірек оның баспасөз қызметі әкімнің сол апат болған жерде болғанын растапты.
https://kaz.365info.kz/ajda-y-professor-ydyr-lini-mas-ara-tirigi-shy-ty-247331
Әсем Қайратбек, Өскемен әкімінің баспасөз хатшысы:

Ол жол апатының куәгері ғана. Істің мән-жайын құпияда ұстау туралы қолхат жазып берді. Жол апаты бір апта бұрын болған.

Жол жиегінде тұрған 19 жастағы Евгений Смольниковті көлік қағып, ол оқиға орнында қайтыс болды. Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев пен Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаевтың ешқайда қашпай, көмек көрсетуге тырысқанын көрген куәгерлер де бар болып шықты.

Кейінірек облыс әкімі Даниял Ахметов «бұл істі тергеу ашық өтеді, шын әділдік орнайды» деп журналистерге айтып қойыпты.

Бірақ Ішкі істер департаменті істің мән-жайын әлі құпия ұстап отыр.


https://kaz.365info.kz/saryagashtagy-symdykhty-estimedin-be-zhelide-bireu-ajgyl-orynbekke-shyjlikti-307009

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз