Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Бәрін бүлдірген жас иіс…”. 40 жыл билікте отырған Зимбабве президенті неден сүрінді? (фото)

223

Зимбабведе сонда не болды? Неге бұлай болды?.. Қызық қой…

Ресми мәліметтерге қарағанда, әлеуметтік желідегі дипломаттың мына бір жазбасы бізге ұнады. Оқуға да жеңіл әрі қысқа-нұсқа, бәрі де жіпке тізігендей түсінікті. Оған бірнәрсені алып-қосу да артық секілді. Ендеше сол жазбаны өз қалпында ұсыналық:

„Зимбабвенің ханшайымы Грейс Мугабе Намибияға кетті деп жазып жатыр ғой.

Негізі, ол өзі өте бір қызық сылқым.

1987 жылы ол президент әкімшілігінің хатшысы боп жұмысқа тұрады, сол арада Роберт Мугабенің көзіне ілінеді, сөйтіп араларында сезім бұрқ етеді.

Күйеуі бола тұра өзінен 40 жас үлкен ер адаммен шатысқан келіншектің ол кезде жасы небәрі 22-де болатын.

Ал Мугабенің бірінші әйелі Салли науқастанып жүрген, сондықтан ол еріне екінші әйел алуға рұқсат береді. Сөйтіп Грейс күйеуімен ажырасып, президентпен бас қосып, екі балалы болады. 1996 жылы Салли көз жұмған соң қос ғашық некесін ресми қиып, тағы бір баланы дүниеге әкеледі.

https://kaz.365info.kz/ketshi-myzhyrajmaj-tosekte-khanagattanbagan-zhezokshe-klientin-atyp-tastady-289274

Осылайша үлкен саясат әлеміне бас сұққан сылқым бастапқыда қайырымдылықпен айналысып, балалар үйін ашады. Одан соң бизнеспен шұғылданып, жылжымайтын мүліктерді сатып ала бастайды. Сән-салтанатқа еті әбден үйренгенде ол қолдағысын ары-бері шаша бастайды. Бағалы әшекейлер, сонғы үлгідегі киімдер! Оның ең жақсы көретін тірлігі – Еуропадағы бутиктердің түгін қалдырмау аралау еді. Сол үшін де оны жұрт Грейс Гуччи деп атап кеткен. Соған ұқсас түрлі дауларда оның есімі аталып қалады. Мугабенің балалары да сондай. Ақшаны желге шашқанды жақсы көреді.

Бұл – халқының 90 проценті жұмыссыз, әлемдегі ең кедей елдегі жағдай.

Соңғы кездері Роберт Мугабенің денсаулығы сыр бере бастады. Бұл кезде ашкөзденген әйелі Грейс жанына жалма-жан 40 жастағы министрлерді (біздің „Болашақпен„ оқып келгендері секілді) жинап, G40 тобын құрды.

https://kaz.365info.kz/akimge-tokhal-bolgysy-keletin-khyz-zhylap-otyr-18-286527

Ондағы ойы – билікке келу еді. Роберт Мугабенің жақтасы – Қолтырауын деген лақап атқа ие, вице-президент Эммерсон Мнангагваға бұл, әрине ұнамады. Ол қарсы шықты. Ал әйелінің ырқынан шыға алмаған кәрі Мугабе өзінің адал досын вице-президенттіктен кетіріп, әскерде „тазалық„ жүргізе бастаған.

https://kaz.365info.kz/kem-diktator-oj-kimmen-or-am-prezidentti-balasy-kim-boldy-245299

Бірақ осы араға келгенде зимбабвеліктердің төзімі де бітіпті.

Әскерилер бұған шыдамады, сөйтіп болатын іс болды. Осылай енді.

Жалпы, Зимбабвенің өзі де қызық ел ғой…„ деп жазды Facebook қолданушысы Қазбек Бейсебаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз