Әкімдікке барсаңыз “жер жоқ” деп шығарып салады. Ал шындығында игерілмей жатқан қаншама бос жер бар. Оны тығып ұстап отырған шенді-шекпенділер оларға өздерінің қосымша “табыс” көзі ретінде қарап, мұны қалыпты жағдайға айналдырған.
Бұл туралы “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлықпен күрес кеңесінің мүшесі Нұрлан Құдайбергенов мәлім етті.
– Арнайы зерттеу жүргіздік. Жер телімімен байланысты жемқорлық қылмыс бойынша Маңғыстау облысы (50) көш бастап тұр. Одан соң, Жамбыл облысы (42), Павлодар облысы (22) деп кете береді. Атап айтқанда, қылмыстың көбісі – жер беру кезінде лауазымдық құзыретін асыра сілтеп, сыбайлас жемқорлыққа жол беру. Бұл қылмыстар салық салымы, кедендік әкімшіліктендіру мен мемлекеттік сатып алу процестерін тексеру кезінде анықталды.
Бәрі параға әкеп тірейді. Өйткені жер телімін алу үшін қандай құжат өткізу керектігін ешкім білмейді.
Мұның бәрін тек мемлекеттік органдағы танысыңның „көмегі„ арқылы білуге болады. Онда да ақысын төлесеңіз. Әйтпесе, Сіздің өтінішіңіз қанағаттандырылмай, негізсіз қайтарыла береді. Себебін ешкім түсіндіріп жатпайды.
https://kaz.365info.kz/byzyp-zhiberedi-tanymal-ekonomist-memlekettik-khyzmettin-nege-zhaman-ekenin-ajtty-294083
Жауапты тұлғалар да бос жер телімі туралы сұрасаңыз, әдейі өтірік сөйлеп, нақты ақпарат бермейді.
Мысалы, Алматыда 9,5 мың кәсіпкерлер өтінішінің 10-12 проценті ғана шешілген, ал Астанадағы арыздың 7 проценті ғана қаралған. Осы ақпараттың ашық болмауы, одан соң, сауда-саттық өткізу кезінде құрылатын комиссия да жемқорлық факторы боп табылады. Себебі бұл комиссия құрамына тек мүдделі мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары қатысады.
https://kaz.365info.kz/zan-khytajsha-zhazylgan-dos-koshim-zhana-zher-kodeksi-turaly-shyndykhty-ajtty-302621
Одан бөлек, жергілікті атқарушы органның үстінен қарайтын қатаң қадағалаудың болмауы да олардың заңды белден басуына жол ашып қойған. Жер телімін заңсыз берген кез көп кездеседі, оны алған кәсіпкердің бұл арада кінәсі де болмауы мүмкін. Өйткені оны осыған итермелеп әкелді ғой. Прокурор арнайы тексеру жүргізіп, әкімдік тарапынан заңбұзушылықты тіркесе, онда прокурор ол шешімнің күшін жоюға қақылы.
Бірақ бұл арада әлгі заңсыз жер телімін алушы кәсіпкердің зардап шекпеуіне аса мән беру керек. Ол адам өз ақшасын жер теліміне салып, бизнесін бастап кеткен болуы мүмкін ғой. Ал егер шенеуніктер бос жер жатып, оған қатысты конкурс өткізбесе, онда оларды шетінен жазалау керек, – дейді кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес кеңесінің мүшесі .
Нұрлан Құдайбергенов жер теліміне қатысты сыбайлас жемқорлықтың болмауы үшін бос жер туралы мәліметтің ашық болуын қамтамасыз етуді ұсынады. Мысалы, барлық адам ашып кіре алатын электронды база жасаса, дейді.
https://kaz.365info.kz/olar-khaptap-zhyr-myrat-auezov-khytajga-khatysty-ylken-shyndykhty-ajtty-300868
– Барлық өңірдің кәсіпкері жер жоқ деп шағымданады. Бірақ ауылшаруашылығы мақсатында игерілмей жатқан жер көп бізде. Ол туралы мәліметтер бар бізде. Ақырында біздің өзіміз өтініш айтып, бос жердің барын көрсетіп мемлекеттік органдарға шығамыз. Арада көп уақыт өткізіп, әупірімдеп жүріп жерге қол жеткізетін кезіміз де болады. Дүниенің бәрін осылай қиындатуға бола ма? Жер телімін беру процесін жеңілдету керек, ол үшін біздің палата жер телімі туралы мәліметтердің электронды базасын құру керек, деп санайды маман.
https://kaz.365info.kz/bylaj-razvodit-etesin-sayasattanushy-politsiya-men-sottardyn-bylygy-turaly-ajtty-312379