Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
5
USD
515
0.00
EUR
584
0.00
RUB
6.13
0.00

Балқаш көліне балық аулауға шыққан екі жігіт жоғалып кетті

111

Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.

Әу баста көлге балық аулауға 4 құрдас шыққан. Бірақ 25 жастағы жігіттер екі топқа бөлініп кетеді. Бірнеше сағаттан кейін екі азамат таныстары арқылы су көлігінің бұзылып, дәрменсіз күйде қалғаны жөнінде төтенше жағдайлар қызметіне хабар жеткізген.

Сөйтіп, өздері көп ұзамай дін аман құтқарылады. Ал олардың екі замандасынан күні бүгінге дейін еш мәлімет жоқ. Не өлі, не тірісі белгісіз. Әзірге жоғалғандардың аударылған катері мен жағалаудан біреуіне тиесілі сыртқы киімі ғана табылған. Құтқару жұмыстарына қар мен қалың мұз кедергі келтіруде. Қазір ұшты-күйлі кеткендерді тікұшақпен іздестіріп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
загрузка...
© «365 Info», 2014–2025 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз