Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

“Балаң өлсін!” Дәрігерге шабуылдаған әйелдің видеосы қайда түсірілген?

691

Анон.Из за таких пациентов за один месяц уволились четыре врача.ребенок был осмотрен диагноз орви температура 36.5 ,одышки не была ,мама была не довольна нашим лечением требовала антибиотки ввиде инъекции.До каких пор пациенты будут обращаться с нашими врачами так грубо, оскорблять и бить на работе за то что не назначили по желанию мамы

Gepostet von KG_врачи am Sonntag, 12. Januar 2020

Әйел видеода баласының емделуіне көңілі толмай, инъекция түрінде антибиотиктерді жазып беруін талап еткен. Ол дәрігерді білімсіз деп атап, ақ халаттыларды балағаттаған.

Әлеуметтік желіде осы оқиғаның видеосы қызу талқыланды. Желі қолданушылары видеоның Қазақстанда түсірілгенін болжады. Алайда, Vesti.kg порталының мәліметінше оқиға Қырғызстанда болған.

Бішкек мэрі жанындағы денсаулық сақтау басқармасының директоры Бақтыгүл Ысмайылова науқастар тарапынан мұндай әрекеттерге жол берілмеуі тиіс деп есептейді. “Кейбір адамдардың дәрігерлермен осылай сөйлесетіні қынжылтады. Бізде білікті мамандар жұмыс істейді. Мұндай әрекеттерге жол бермеу керек. Есеңгіреп қалдық. Дәрігер өзін дұрыс ұстады”, – деді ол.

Бішкектегі үшінші балалар ауруханасының дәрігері милицияға арыз берген. Тараптар өзара мәмілеге келген соң сотқа дейінгі тергеу шаралары таяуда тоқтатылады.

“Милиция қызметкерлері әйелдің кім екенін анықтады. Алайда сотқа дейінгі іс жүргізу барысында дәрігер Р. Ч. азаматша Н.Г.-ға арызданбайтыны туралы айтқан, – деп хабарлады құқық қорғау органдары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз