Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Білім саласын заңсыз табыс көзіне айналдырған кім – шәкірт пе, әлде ұстаз ба?

Әсіресе, математика, физика, химия, ағылшын тілі, тарих секілді пәндер бойынша репетиторсіз аттап баса алмайтын болдық.

Балаң үшін бәріне барасың. Оған өкінбейсің де.

Ал, сонымен балаң мемлекеттік, ұлттық мәртебесі бар ЖОО-ға білім грантымен түсті делік. Мейлі, пара бермей-ақ түскен бола берсінші. Сонда да, степендиясынан айырылып қалмау үшін жанталас басталады. Пән эдвайзерлері мен тютерлері құдайға қараған адал жандар болса ғана студенттің бағы жанады. Ал, болмашы бірдемеге қырсығып қалатын біреу болса ше?

Онда оңдырмай қалтасын қағады. Тіпті, ондай болмағанның өзінде

университеттің өзі заңдастырып алған ақша сауатын ішкі тетіктері бар.

Әлде бір орындалмаған кредиттер шығып қалады. Шықпаса да шығара салу аса қиын емес. Сонымен тағы да қалтадан қағылуға тура келеді.

Жасыратыны жоқ, 4 жыл бойы тапсырылатын сессия, рейтинг, емтихан дегендер үнемі өз жөнімен өте бермейді. Оның үстіне, ЖОО дәріскерлерінің бәрі періште емес. Студентті қалай да пара беруге мәжбүрлейтіндер де жетіп артылады.

Әсіресе, диплом жұмысын қорғау, мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде қалтасынан бір тиын шығындамайтын данышпанды табу қараңғы үңгірден ине іздегенмен бірдей.

Астанада бір декан өзіне тиесілі дипломшылардан 60-70 мың теңге көлімінде ақша жинап алып, сейфінен Алматыда бұрын қорғалып кеткен жұмыстарды суырып әкеліп, титулдық бетін жыртып қана қорғауға жібергенін құлақ естіп, көз көрген. Бизнестің мұндай түрі бізде өте керемет гүлденіп тұр (жалғасы бар, кейін жазылады)„. – делінеді автордың әлеуметтік желідегі жазбасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз