Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

“Бала-шағасы бар ғой. Жемқорларды аяу керек” — Шпекбаевтың көмекшісі

Хаким Кушкалиев жемқорлықпен көзге түскен, ақша ұрлап ұсталған шенеунік атаулыны түрмеге қамау жайттары азайғанын қуана атап өтті. Оның түсіндіруінше,

бұл Елбасы Жолдауында айтылған нақты тапсырмалардың бірі екен.

Хакиміміз бүй депті:

“Бар-жоғы ондаған мың теңге пара алған, немесе жеп қойған адамдарды соттау тиімсіз. Өйткені оларды түрмеде асырау одан да қымбатқа түсіп жатыр. Біз ай қарап жүрген жоқпыз, санадық қой, статистика жүргізіп: бір адамды бір жыл түрмеде асырау үшін мемлекет 1 милллионнан астам ақша шығындайды. Мәселен, ол 50 мың теңге пара алды, оны 5 жылға соттап жібердік. Енді санай беріңіз, мемлекет оны түрмеде асырау үшін қанша шығынға бататынын”, – деп салыпты Хаким Кушкалиев.

“Одан да ол ақшаға балабақша, мектеп-сектеп салғанымыз жөн емес пе?..

Жемқор, парақор, ашкөз-арам адамдардың да бала-шағасы бар. Олар да адам, түптеп келгенде. Олардан туған балалар неге қорлық, жоқшылық көруі керек?

Жемқор онсыз да қылмыс жасады, өз отбасының атына кір келтірді. Ол онсыз да өзінің ғана емес, өз балаларының болашағына балта шапты, өйткені бізде біреудің баласын мемлекеттік қызметке аларда оның әке-шешесі кім, олардың сотталған-сотталмағаны міндетті түрде көрсетіледі. Осылайша жемқорлар мен парақорлар онсыз ең басты жазасын алады емес пе?

Біз неге жемқорлардың жазасын жеңілдетуіміз керек? Өйткені біз өсіп келе жатқан мемлекетпіз. Біз жемқорларды басты қаруынан — мемлекеттік қызметтен айырамыз”, – деп әрең тоқтапты жаңағы Хаким Кушкалиев.

Бірақ бар ғой… Бұл мақаланы сол сайттан оқыған кейбір батыл комментаторлар шыдамай кетті:

  • “Ұры жемқордың семьясы да сыбайлас емес пе? Өйткені жемқордың жеген ақшасы оның семьясының мұқтаждығына жұмсалады ғой…”;
  • “1 тиын ұрласа да соттау керек, әйтпесе жемқорлық тыйылмайды”;
  • “Құрметті Хаким Дюйсешевич! Рас, түрмеде асырау қымбат екен, оларды ата салайық та!!! Үнемді әрі тиімді!!!”;
  • “Правасынан айырылған мыңдаған жүргізуші бәрібір көлік айдап жүр ғой, ұсталса парасын бере салып. Сол ақша неге бюджетке бармайды?”;
  • “Ал, шенеунік мырзалар, ұрлаңдар енді! Енді сендерге штраф та салмайды, қосымша ақша береміз, бала-шағаларың аш қалмас үшін…”.

https://kaz.365info.kz/aj-bylaryn-ne-tanymal-zhurnalist-zejnetakhy-khorynyn-bylygyn-zhajyp-saldy-296163

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз