Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
11
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

«Байқоңыр» кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының V-ші отырысы өтті

134

– «Байқоңыр» кешенінің тиімді қызметін ұйымдастыру жөніндегі бірлескен жұмыстар екі елдің ғарыш саласын дамытуға, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы ғарыштық қызметтің әлемдік нарықтағы заманауи әрі бәсекеге қабілеттілігін сақтап қалуға бағытталған,-деді Асқар Мамин өз кезегінде.

Сондай-ақ, жиында Байқоңыр қаласын бірлесіп дамытудың 2017-2025 жылдарға арналған Бағдарламасының жобасы пысықталды. Оның іске асуы жалға беру жағдайында қаланың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын дамыту арқылы жаңа әлеуметтік, мәдени, тұрғын үй және өндірістік нысандарды құруға, инвестиция және бизнес тартуға, қолжетімді баспана құрылысын салуға, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді. Комиссия отырысында Байқоңыр қаласын дамытудың қазақстанстандық тараптан қаржыландырылу тәртібі бекітілді. Осылайша, қаланың дамуына қос тарап та қатысатын болды. Бұл инфрақұрылым нысандарын, атап айтқанда, әбден тозығы жетіп ескірген жылу және су жүйелерін жаңғыртуға мүмкіндік береді. Қабылданған шешімдер қаланы табиғи газға қосу бойынша қолға алынған жұмыстардың аяқталуына да оң ықпал етпек. Жыл аяғына дейін тұрғын үйлердің алғашқы легін көгілдір отынға қосу, газ тарифін төмендету жоспарланған.

Сонымен қатар жиында «Байқоңыр» ғарыш айлағының қызметкерлеріне, Байқоңыр қаласының, Төретам және Ақай кенттерінің тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің, оның ішінде Байқоңыр қаласында тұратын Қазақстан азаматтарына Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес, ҚР денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызмет көрсету тәртібі, сондай-ақ олардың міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінен дәрігерлік көмек алуы туралы екіжақты құжатты ағымдағы жылдың 3-тоқсанында қабылдауды жеделдету жөнінде шешім қабылданды.

«Байқоңыр» кешенінің мәселелерін талқылау Астана қаласында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен кеңесте жалғасты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз