Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әзербайжанның проблемалы банкі БЖЗҚ қаржысын 2032 жылға дейін қайтарады

Айта кетейік, 2017 жылдың мамырында жоғарыда аталған Әзербайжанның проблемалы банкі сыртқы қарыз міндеттері бойынша төлемнің тоқтатылғанын және қарыздардың қайта құрылымдалатынын мәлімдеген. Ал мамырдың 11-і күні ӘХБ Нью-Йорк сотына өздерін банкрот деп тану туралы өтініш жіберген. Осылайша банк сыртқы қарызын қайта құрылымдау үшін мемлекеттен көмек алмақ.

Еске салайық, 2014 жылдың қазанында БЖЗҚ зейнеатқы қаржысының 250 млн долларына АХБ-ның борыштық бағалы қағаздары сатып алынған. Осыған байланысты Қазақстанда проблемалы банктің бағалы қағаздарына жұмсалған қаржыға қатысты алаңдаушылық туындаған болатын. Ал Ұлттық банктің бұрынғы төрағасы Қайрат Келімбетов Әзербайжанның халықаралық банкіне салынған қазақстандықтардың зейнетақы қаржысы сол елдің үкіметтік қарызы ретінде конвертациялануы мүмкін екенін айтқан.

Дереккөз: qazaqtimes.com

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз