Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

“Азаматым-ай…”. Димаш орысша қойылған сұраққа қазақша жауап берді

178

Бүгін мәдениет және спорт министрлігінде Димаш Құдайбергеннің 19 қарашада Лондонда өтетін жеке концертіне дайындық барысы талқыланды. Кездесу барысында БАҚ өкілдері жас әншіге екі тілде сұрақтар қойды.

Бірнеше тіл меңгерсе де, Димаш барлық сұраққа тек ана тілінде жауап берді.

“Рұқсат болса, мен қазақша жауап берейін. Қазақстандамыз”, — деп сөзін бастады ол.

Димаш 19 қарашада Лондонда өтетін жеке концертінде 30-ға тарта ән орындалатынын айтты.

“Жанды дауыста, оркестрмен… Дайындық жоғары деңгейде жүріп жатыр. Әлбетте, менің концерттерімде, шетелде болсын, Қазақстанда болсын, міндетте түрде қазақтың халық әндері орындалады. Өйткені, қазақтың ірі тұлғалары менің кіндік қаным тамған жерде тың дүниелерді жарыққа шығарды. Біздер, әншілер, соны мүмкіндігінше насихаттауға тырысуымыз керек. Сондықтан Лондонда қазақтың әні көптеп шырқалатынына күмән келтірмеңіздер”, — деп сендірді әнші.

Сондай-ақ, ол репертуарында жаңа әндер де барын айтты.

“Бұл әзірге құпия, ертең концертте көрермендер бірінші болып естігенін қалаймын”, — деді Димаш.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз