Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Қазақты қырған Мирзоян ескерткіші Ақтөбеде неғып тұр?

388

Әрине, ақтөбеліктердің бұл ұсыныс-тілектерін қабыл алып, өткен тарихтағы қандықол басшының белгісін аты-затымен жойсақ, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында осы өңір үшін үлкен сый болар еді.

Бірақ бұл бір ақтөбеліктердің ғана талап-тілегі емес. Мысалы, қазақ зиялыларына қынадай тиген совет жүйесінің өкілі атындағы көше атауын  Алматы, Солтүстік Қазақстан мен Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар қаласы мен аудандары алмастыруды сұрап келе жатқанына біраз уақыт болды.

Расында, 2015 жылы Астанада Мирзоян көшесі Қаныш Сәтбаев атамыздың есімімен ауыстырылды. Ол кезде көше атауын ауыстыруға армян диаспорасы қарсы шығып, Мирзоянның қазаққа жасаған жақсылықтарын ескеруді сұраған.

Біз бұл ретте Мирзоянды осылайша ақтап алғысы келетіндерге Ғаббас Қабышұлының ҚР Мәжілісінің төрағасы, марқұм Орал Мұхамеджановқа кезінде жолдаған үшбу хатын қаз-қалпында ұсыну арқылы жауап бергіміз келеді.

…Немкеттіліктен қауіптен, түбіңе сол жетер!

„Ресейдің тарихшы-жорналшысы Юрий Жуковтың «Иной Сталин. Политические реформы в СССР в 1933-1937 гг.» деп аталған кітабында Қазақстанды 1934-1938 жылдары билеген Левон Мирзоянның 1937-жылы Кремльге хат жіберіп, «халық жауларының» 2446-сын атуға, 4403-ін жер аударуға рұқсат сұрағаны айтылған. Жиыны – 6749 кісі (тізім жоқ, сан бар).

Ал Ежов оны 7650 кісіге жеткізіп, бекітіп қайтарған.

Мирзоян одан соң Сталинге құпия жеделхат жолдап, «рысқұлов-нұрмақовтардың революцияға қарсы ұлшылдық-фашистік ұйымы барын» мәлімдеген. Ол «ұйымның мүшесі», республика Орталық атқару комитетінің төрағасы Құлымбетовті орнынан босатуды сұраған. Босаттырып алып, атқызып тастады.

Яғни Мирзоян 7650 адамды тізімдеп, мысалы, ақын-жазушыларымыздан: Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және басқаларды „жұтты„.

Бірақ қазекем, қалайша екенін түсінбедім, малын тартып алып аштан қырған Голощекинді «қу жақ, жауыз» деп дұрыс даттады да, малына тиіспей, азаматтарын қырған Мирзоянды «Мырзажан» деп мақтады.

Танымал қарт журналшы Мадат Аққозин «Вернуть из забвения» атты кітабында (Жұмабай Шаяхметов туралы) былай депті: «Мирзоян после такого предшественника (Голощекинді айтады, – Ғ. Қ.) явился, как спаситель народа. Появилась работа. Отменили карточки на хлеб, его продавали в магазинах за деньги. Начал налаживаться быт людей. Но на смену массовому голоду пришел массовый арест с расстрелами».

Сөйткен Мирзоян туралы бүгін де мадақтау мақала жазылуда, Алматы, Астана көшелерінде аты бар. Мен осы кереғарлыққа да ашынып, әр қырынан бірнеше мақала жарияладым.

Алматы қаласының әкімдігіне хат жаздым. Ешқайдан ешкім ләм демеді. Баяғы: «Әй, қайтесің, соны қозғап?».

Осы орайда бабамыз әл-Фарабидің: «Сен досыңнан қауіптенбе, қатты болса, сатып кетер; жауыңнан сескенбе, қапыңды тапса, өлтірер; сен немкеттіліктен қауіптен, түбіңе сол жетер!» деген қағидасы еске түседі„ деп жазады ғалым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз