Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Қазақстанда болашақ жоқ па? АҚШ-ты көрген студент Қазақстаннан саналы түрде бас тартты

144

Отан үшін тер төгіп, еңбек ету керек дегенге шүбәсіз сендім. АҚШ-пен салыстырғанда Қазақстанда жалақы мардымсыз екендігіне қарамастан. Өйткені бұл — менің Отаным…

Ұйқысыз түндер, емтихандар, аралық бақылау емтихандары және тағы басқасы, осылай күн өте берді… Емтихан тапсырарда жүйкең әбден жұқарып, зачеткаға қол қойдыру үшін есік-есікті сығылап жүргенің.

Балл жинау, өзін маңызды сезінген ағалар жайғасқан түкке керегі жоқ форумдарға қатысу…

Студенттерді шетелге жолдауға дайындап жатқан орталық. Сол кезде «мұнша көп адам шетелге неменеге барады» деп ойлаған болатынмын. Жарайды, мен — патриотпын ғой. Қаламын, әрине.

Көп уақыт өтпеді. Менің теңге жинағымның 30 пайызын девальвация «жеп» қойды.

Диплом, мантия. Қуаныштан «шәпкімізді» аспанға аттық. Мемлекеттік қызмет. Айлығы — 65 мың теңге және «қазақбайша менеджмент».

Әділетсіздік, тамыр-таныстық, карьералық сатымен көтерілу деген жоқтың қасы…

АҚШ-ты армандау, тәулігіне 150-200 доллар жалақыны аңсау…

Бастықпен сөз болды, түсінбеді, жұмыстан шығарды. Пойызға билет алып Алматыға тарттым… Жазық дала, селдіреген қурайлар. Стансадан қақталған балық алып кірген апалар. Төсек жаймасы кір купе. Қайнаған шай, қант… І-ші Алматы вокзалы. Ата-анам. Жүздері сұраулы…

Елішіліктегі сұхбат, виза, билеттер. Ақыры Нью-Йоркке оқуға аттандым.

«Кеш болмай тұрғанда Қазақстаннан кету керек»

Арада осынша уақыт өткенде менің тек бір өкінішім болды. Ол – халқының 90 пайызы елінің емес, жеке басының пайдасын ойлайтын Қазақстанда емес, АҚШ-та қалып, болашағымды құруды ертерек ойламағаным.

18 жасымда Нью-Йоркте алғаш болған кезде өзімді ойлауым керек еді, сөйтіп сол арадан өмірімді құруды бастауым тиіс еді.

Әрине, өкінішті. Әке-шешем ақшасын төлеген КазГУ-де өткізген бос күндерім-ай. Мемлекеттік қызмет табалдырығын текке тоздырған уақытым-ай. Менің алғысым шексіз алтын ұстаздарым бар, әрине.

АҚШ-та бәрін қайтадан пысықтауға тура келді, сол кезде отандық университетте оқудың мағынасыз екенін жақсы түсіндім.

Қазақстанда әлі студент болып, оқып жүргендерге берер кеңесім:

Өз өмірлеріңді өздерің құрып, өз болашақтарың үшін тер төгіңдер!

Сіздер ата-анаңыздан басқа ешкімге керек жоқсыңдар. Ал сіздер мемлекет үшін керексіздер ме? Оны ата-аналарыңыздан сұрап көріңіздер. Әсіресе, зейнетақы қорындағы ақшасы жайлы сұрап, одан қорытынды шығара беріңіздер.

Әлі кеш болмай тұрғанда барлық күдік пен күмәнді сілкіп тастап, өз өміріңізді құруды бақ қуатты ететін жерден бастап кетіңіз!

Міне, менің берер кеңесім осындай».

13516535_1439446566080724_3136709336838374482_n

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз