Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Қазақстан орыстың ықпалынан кетуі керек пе?

Снимок экрана от 2016-04-29 16:12:49— Мәселе мынада. Бізге не керек? Егер біз ешкіммен жанжалдаспайтын қалыпты, өркениетті мемлекет құрғымыз келсе, онда Пугачеваны, Кобзонды және Киркоровты көрсететін телеарналарды ажырататын боламыз. Қазір орыстың әні мен киносының насихаты емес, кәдімгі құндылықтар насихаты жүріп жатыр. Ол құндылықтар Батыспен үйлеспейді. Шындығында, қызтекелер мен гейлердің саны жағынан Ресей еуропалық елдердің ешқайсысынан кем түспейді. Біз өз нарығымызды қорғауымыз керек, оны орыс, қазақ тілдерінде құрып, монополиядан арылтуға болады. Басты мәселе — бізге не керектігінде. Бірақ бізде ешқандай нақтылық жоқ.

Ұлттық идея жоқ па?

— Мен «ұлттық идея» деген сөзді айналып өтер едім. Мысалы, Чехияда қандай ұлттық идея болуы мүмкін? Немесе Грузияның ұлттық идеясы қандай? Біз халық саны аз, шағын мемлекет екенімізден бастайық. Біз бүкіл әлемге өз қалауымызды таңа алмаймыз. Біз өзімізді қоршаған әлемдегі орнымызды табуымыз керек.

Латын әліпбиі соған көмектесе ме?

— Менің ойымша, латын әліпбиі арқылы біз ұрпақтар қарым-қатынасындағы нақтылыққа қол жеткіземіз. Қазір біз өз өмірімізді жоспарлай алмаймыз — сіз де, мен де. Өйткені, біз 30 жылдан кейін не болатынын айпағанда, ертең не болатынын білмейміз. Ал егер біз ұлттық мемлекет құрып жатырмыз десек, онда бізде белгілі басымдылықтар болуы тиіс – біз бүкіл әлеммен тату-тәтті өмір сүруді қалаймыз. Мәлімделіп жатқан декларацияларға сенсек, біздің мақсатымыз — 30 озық елдің клубына кіру. Ол қандай 30 ел? Мен көптеген саясаттанушылар мен саясаткерлерден сұрадым, олардың көпшілігі осы 30 елді атай алмайды. Сұрай бастасаң, бұл елдер – Ресей, Бразилия, Қытай дейді. Алайда 30 озық елдің арасында Ресей де, Бразилия да, Оңтүстік Африка Республикасы да жоқ. Олар – Канада, Америка, Жапония, Оңтүстік Корея және Сингапур қосылған батыс еуропалық елдер. Егер біз, шынымен, олардың қатарына қосылғымыз келсе, олардың қандай ел екеніне назар аударуымыз қажет. Ең алдымен, олар әлемнің қалай дамитынын анықтайтын, нарықтық экономикасы дамыған демократиялық елдер. Ал анықтайды дегеніміз – олар негізгі өнімді өндіреді, жаңалықтарды жасайды деген сөз. Біздің мақсатымыз – солардың қатарына қосылу. Бұған миллион дәлел келтіруге болады.

Бұл жерде отарлық кешегіден арылуға деген ұмтылыс басым сияқты…

— Адам түрлі сырқаттарды басынан өткереді, қоғам да солай. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген кезде романтикалық түрлі ұстанымдар болған. Алайда өмірдің өзі көрсетіп отырғандай, тұрмысымызды қиындатқан мәселелер, ғылым мен білім саласының құлдырауы қоғамды осындай таңдау жасауға итермеледі. Авторитарлық экономикадан нарықтық экономикаға бірден ауыстық. Ал екінші таңдау – тоталитарлық режимнен демократиялық жолға ауысуда біз әлі өткелден өте алмай тұрғандай күй кешудеміз. Одан қашан өтетініміз де белгісіз. Қоғамды тоталитаризмнен, оның сарқыншақтарынан арылту қажет.

Біз тәртіп сақшыларының атауын полиция деп өзгертсек те, олар неге кеңес милициясы қалпында қалуда? Неге біздің судьялар мен прокурорлар бар мәселені телефон арқылы шешеді?

Өйткені, біз санамызға кеңес кезеңінде сыналап кіріп алған ұғымдар мен түсініктерден арыла алмай отырмыз. Тамаша Гарвардтық білім алған жас маман бізге келіп, прокурор бола алады, бірақ 2 жылдан кейін ол да сол кеңес милиционерінің кейіпіне түседі. Өйткені, қалыптасқан мектеп, дәстүр, қалтқысыз ережелер бар. Нәтижесінде, олардың қалай құнсызданатынын көзімізбен көріп жүрміз. Отаршылдық санадан арылу керек. Славяндық және басқа топтардың көптеген өкілдері бұл терминге сақтана қарайды. Өйткені, ондай санадан арылмағандар әлі күнге дейін тәуелді ел болып отыр. Сирия мен Ауғанстанға назар аударыңызшы. Онда не болды? Ашық қоғам, толыққанды ұлт құрудың орнына, ол елдерде билікті әскерилер басып алды, қазір олар қартайып, алжыған автократтарға айналды. Нәтижесінде, елді, қоғамды бөліп, жіктей бастады. Өйткені, бөлшектенген елді басқару оңай әрі ыңғайлы. Олар ортақ құндылықтар қалыптастыра алмады. Нәтижесінде, ол елдер бүгін күйреудің алдында тұр.

Қазақтың ақымақ болғаны кімге керек?

Енді, үштілділік мәселесіне оралайық. Ол бізге қандай нәтиже береді? Бізде үштілділік жарияланып қойды, тіпті, оны жүзеге асыру да басталып кетті.

— Тілдерді білу деменция, Альцгеймер сырқатының қауіпін төмендетеді. Бұл – толық дәлелденген дүние. Бірақ мәселе мынада: егер мектепте оқушылардың барлығы бірдей физика немесе химиядан тапсыратын емтиханнан құласа, барлық ата-ана наразылық білдіріп, мұғалімді ауыстыруды талап етер еді. Бұл жерде мектеп пен қазақ тілінің мұғалімі үнсіз келісім жағдайында. Бұл қоғамдық келісімнің бір бөлігі. Біз ешкімді мазаламаймыз. Бәріне 4 пен 5 қойылды. Үздіктерге 5 автоматты түрде қойылады. Өз деңгейін білетіндер 4-ті қанағат тұтады. Бізден ешкім сұрамайды, біз де ешкімнен ештеңе талап етпейміз. Қалғаны маңызды емес.

Бұдан құтылудың жолы бар ма?

— Мектеп үшін атқаратын алғашқы іс — ҰБТ-ны қазақ тілінде өткізу. Онда ең біріншісі, оқығаныңды түсіну қажет. Ал жауапты белгілеу үшін аса ақылды болудың қажеті шамалы. Сондықтан  бұл осындай қоғамдық келісім болудан бөлек, мәжбүрлеу құралы да болады. Мәжбүрлеу құралы жазалаушы аппарат емес, құралдарды таңдау екенін ұмытпаған жөн. Жақында мен Қазақстандағы орыс тілінің мұғалімдері жиналған бір шараға қатыстым. Олар сабақ өткізу сапасының төмендеп кеткені туралы егіліп айтты. Ал мен білім мен ғылымның нашар болуы – қоғамды ыңғайға қарай басқарудың құралын таңдаудың салдары дер едім. Сіз ойландыңыз ба – неге бізде соңғы 25 жылда 15-16 ғылым білім министрі ауысты, 15-16 реформа басталып, аяқсыз қалды? Менің ойымша, мұның барлығы қоғамды нығайту үшін емес, қайта бөлшектеп, білім мен интеллектуалдық негіздің нашар болуы есебінен, басқаруды жеңілдету үшін әдейі жасалып жатқан іс сыңайлы.

Снимок экрана от 2016-04-29 16:13:02

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз