Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

“Аузыңды жап!”. Желі қолданушысы жыныстық қатынас туралы айтқан рэпердің масқарасын шығарды

298

Жауқазын есімді желі қолданушысы осы ретте жырауға жауап қатуды жөн көрген екен. Ол былай дейді:

“Ойбай, қазақтың әйелдері төсекке жоқ дей ме? Содан соң бүкіл еркек атаулы басқа қатындарға барып, жөңкіп жүр екен ғой. Осындай пост жазған рэпер Жан Ахмадиевке күлкім келіп отырғаны. Тағы не деп еді?..

«Эксперимент» жасағымыз келеді. Бірақ мұны əйелдерімізге айтудан ұяламыз, жасқанамыз. Сондықтан санамыздағы сексуалды қиялымызды (фантазиямызды) орындап беретін бейтаныс қатындарды іздейміз. Міне, осыдан кейін «шөп салудың» көкесі басталады. Әйелдер төсекте түрлі қылық танытқанның орнына „басым ауырды, бала оянып кетеді„ деп сылтауратады. Қойыңдар бұндайларыңды„ деп бұйырыпты.

Жан-ау, құрғақ қасық ауыз жыртатынын білмейсің бе?

Мұндай құр даурықпа әңгіме кімге керек өзі? Қатынының басы ауырып, бала оянып кетуден қорықпауы үшін жағдай жасауың керек. Ең бірінші, соны неге жасамайсыңдар.

https://kaz.365info.kz/mejrambek-bilgen-eken-goj-bayannyn-tagy-bir-symdygy-ashkere-boldy-video-306078

Тар бір бөлмеде бала-шағаңмен жатқаныңмен қоймай, еркегін бүкіл туысқанын топырлатып қоятынын қайтесің? Қайдағы ерекше секс? Ол тұр ғой жәй еркелеуге де жағдай жоқ қой ол арада. Жан-жағын аңталаған көздер.

Ырылдаған баланы уатып, дәмді тамақ пісірумен-ақ әйелдің фантазиясы бітеді, негізі.

Бала күтуші жалда, тамақ пісіретін адам тап. Әйелің салоннан шықпай былқ-сылқ етіп, түрлі психологиялық курсқа қатысып жүрсе, әрине ерекше секстің түбін түсіреді. Бірақ соны жасай алмайсыңдар ғой, соған қарамастан ерекше ләззатты құмартасыңдар ма? Аузыңды жапшы а?..

https://kaz.365info.kz/uyzdaj-zhas-zamanaui-zhyrau-zhan-ahmadiev-kopke-tokhalyn-korsetti-foto-275554

https://www.instagram.com/p/BgIWnMIDEeJ/?taken-by=zhan_ahmadiev

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз