Ауғанстандағы экономикалық дағдарыс хаостың жаңа қабатын қосады.
Сонымен бірге, Western Union және MoneyGram — АҚШ-тың екі негізгі ақша аударымдары қызметі Ауғанстанға төлемдер аударуды тоқтатты. Сырттан келетін ақша ағындары көптеген Ауған отбасылары үшін өмір сүрудің негізгі көзі екенін ескерсек, елде экономикалық дағдарыстың алғашқы белгілері пайда болуда.
Атап айтқанда, ірі қалаларда қолма-қол ақшаның жетіспеушілігінен банкоматтар жабылуда. Ал негізгі өнімдер (ұн мен май) бір апта ішінде үш есе қымбаттады.
Қазіргі уақытта елдің жаңа Үкіметі Ауғанстан Орталық Банкінің барлық дерлік резервтеріне қол жеткізе алмай отыр. Бұл шамамен $9 млрд. Қаражаттың көп бөлігі Нью-Йорктің Федералды резервтік жүйесінде жатыр.
23 тамызда Ауғанстан Халықаралық Валюта Қорынан шамамен 450 миллион доллар алуы керек болатын. Алайда, Қор жаңа ауған үкіметінің заңдылығын мойындауға қатысты “айқындықтың болмауына” байланысты транзакцияны тоқтатты.
Афгани, елдің валютасы еркін айналымда. Ел импорт пен Халықаралық қаржылық көмекке іс жүзінде 100% тәуелді болған.
“Егер жақын арада талибтер афганиді қорғау үшін ақшалай қолдау алмаса, валюта девальвациясына нақты қауіп бар деп ойлаймын. Осыған байланысты қарапайым адамдарға тіпті бір бөлке нан сатып алу қиынға соғады”, — деп түсіндірді шетелдік даму институтының өкілі Грэм Смит.
“Ауғанстан, өкінішке орай, көптеген дағдарыстарға тап болды … сонымен қатар, елді экономикалық қиындықтар күтіп тұр”, — деп CNN-нің болжамын айтты бұрынғы үкіметпен бірге қашып кеткен Ауғанстан орталық банкі басшылығының бұрынғы басшысы Аджмал Ахмади.
Crisis Group халықаралық талдау орталығының азиялық бағдарламасының директоры Лорел Миллер Ауғанстан “күрделі гуманитарлық қиындықтардан зардап шегетін өте кедей ел” болып қала беретінін атап өтті.
Бірнеше жыл бойы АҚШ-тың Ауғанстандағы арнайы өкілі болған сарапшы талибтердің дағдарыстан шығатын бір ғана жолы бар екенін айтты. Өңір көшбасшыларымен қарым-қатынасты жақсарту қажет. Атап айтқанда Қытаймен.
Қытай өзінің мақсаты Ауғанстандағы тұрақтылық екенін айтты. Пекин сонымен бірге ұзақ уақыт талибтермен жұмыс істеген Пәкістанмен де тығыз қарым-қатынаста. АҚШ Үкіметінің 2010 жылғы есебінде көрсетілгендей, Ауғанстандағы металдар мен минералдар мөлшері шамамен 1 трлн. долларға шығады. Оның ішінде компьютерленген әлемде маңызды литий және сирек кездесетін табиғи элементтер бар. Ал Қытай үшін бұл өте қажетті.
“Менің ойымша, қаржылық жағдайдың жақсаруы Қытайдың қабылдаған шешіміне байланысты болады”, — деді Миллер.