Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
9
USD
482
0.00
EUR
532
0.00
RUB
5.07
0.00

Ауған тығырығы: адамдар тамақ үшін бәрін сатуда

1276
Фото: wsj.com

Талибтердің билікке келуі Ауғанстанды экономикалық құлдырау шегіне жеткізді. АҚШ және басқа да батыс елдері 9 миллиард доллардан астам сомасы бар Ауғанстанның Орталық Банкінің активтерін қозғалыссыз қалдырды және көмектің көп бөлігін тоқтатты.

Тіпті “Талибанның” қарсыластары (ҚР-да ұйымға тыйым салынған) да бірінші кезектегі мәселе талибтердің елді қалай қатаң басқарғалы жатқандығында емес екендігімен келіседі. Экономикалық дағдарыс аса маңызды болып табылады. Ол соңғы 20 жыл ішінде АҚШ қаржыландырған ұлттық құрылыстың барлық жетістіктерін жоққа шығармақ.

Көмектесеміз бе әлде көмектеспейміз бе?

Бұл дағдарысты қалай жеңуге болады, халықаралық қауымдастық үшін үлкен дилемма.

Бір жағынан, Ауған активтерін жандандырудан және тікелей көмек көрсетуден бас тарту миллиондаған адамдарды кедейлікке душар етуі мүмкін. Өз кезегінде бұл босқындардың Еуропа елдеріне жаппай көшуіне себеп болады.

Екінші жағынан, егер қарапайым адамдардың экономикалық жағдайын жеңілдете отырып, Ауғанстанға қаржы ағынын ашса, бұл талибтердің режимін күшейтуі мүмкін, олардың көптеген көшбасшылары терроризммен байланысы болғандықтан халықаралық санкцияға ұшырайды.

Осы айдың басында БҰҰ Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 1 миллиард доллар бөлуге уәде берді, бұл бастапқы көзделген 600 миллионнан көп. Бірақ бұл көмектің көп бөлігі “Талибан” әкімшілігінен айналып өтіп, БҰҰ үкіметтік емес ұйымдары мен агенттіктеріне берілуі керек.

… үшін

Сонымен қатар, бұл ақшалар көпшілік бөлігін АҚШ пен Халықаралық валюта қоры қозғалыссыз ұстап отырған Ауғанстанның меншікті резервтерінің бір бөлігін ғана құрайды .

“Егер халықаралық қауымдастық экономикалық құлдыраудың алдын алғысы келсе, ол Орталық Банкке оның резервтеріне шектеулі және бақыланатын қол жетімділік беруі керек. Бұл көмек емес, ауған халқына тиесілі резервтер”, – деді Ауғанстан орталық банкі директорлар кеңесінің аға мүшесі, 2002 жылдан бері осы қызметті атқарып келе жатқан және АҚШ-та тұратын Шах Мехраби.

Оның айтуынша, егер ақша қозғалыссыз қалатын болса, Ауғанстанда

көп ұзамай дәрі-дәрмектер, көптеген азық-түлік таусылып, отынға норма енгізуге тура келеді

“Сіз елді тұншықтырғыңыз келеді. Неліктен? – деп Мехраби мырза сұрақ қойды. – Жиырма жыл бойы салынған инвестиция босқа кетеді, өйткені бізге режим ұнамай ма? Бірақ мұндай тәсілмен біз қазіргі режимге зиян тигізбейміз. Біз қарапайым ауғандықтарды одан әрі кедейлікке душар етеміз”.

… және қарсы

Алайда, елдің бұрынғы Үкіметінің көптеген мүшелері Мехрабимен келіспейді. Мысалы, Кабул құлардан бірнеше күн бұрын елден кеткен бұрынғы Қаржы министрі Халид Пайенданы алайық.

Оның пайымдауынша, халықаралық қауымдастық жасайтын жалғыз нәрсе – атаулы гуманитарлық көмек жіберу. Және талибтерді айналып өтіп. Оның айтуынша, Батыс қозғалыссыз тұрған қаражатты ұстап тұруы керек. Бұл жаңа Ауған билігін адам құқықтары саласындағы халықаралық стандарттарды ұстануға мәжбүр етеді.

“Бұл ықпал етудің жалғыз тетігі. Адамдар зардап шегеді. Бірақ мен сенемін, талибтер ашуланған халық көтеріліске шығуы мүмкін екенін түсінеді. Сондықтан олар өркениетті қоғамда қабылданған стандарттарды ұстанатын болады”, – деді ол.

Қыркүйектің шындығы

Талибтер билікті басып алғаннан кейін бірден негізгі азық-түлік бағасы күрт өсті. Банктер бірнеше апта бойы жабық тұрды, ал ашылғаннан кейін талибтер елдің таусылып бара жатқан ақша резервтерін сақтау үшін алынатын қаражат мөлшерін қатаң шектеді.

Өткен айда ондаған мың ауғандық білімді мамандар елден қашып кеткені дағдарысты одан сайын ушықтырып отыр.

Мемлекеттік қызметкерлерге қазір еңбекақы төленбейді, олардың аз бөлігі ғана жұмыстарына оралды. Бұрынғы полиция және басқа да қауіпсіздік қызметкерлері талибтердің рақымшылық жасаймыз деген уәделеріне сенбейді, олардың көпшілігі әлі де жасырынып жүр.

“Талибан” экономиканы құтқару саясатын әлі тұжырымдауы қажет. Бірақ олар халықаралық қоғамдастықтың көмегін қайта жандандыру қажеттігін атап өтті. Ауғанстан Ислам Әмірлігінің дипломатиялық танылуына және жаңа үкіметтің заңдылығына сүйенеді. Бірақ әзірге мұны әлемнің бірде-бір елі жасаған жоқ.

Талибтер билікті басып алғаннан кейін өз қызметін қайта бастаған Ауғанстан экономикасының бір бөлігі – Кабулдың орталығындағы Сарай Шахзада айырбастау базары.

Екі триллион желге ұшты

Көптеген қызметтерінің ішінде Ауғанстан айырбастау пункттері ақшаны сақтайды және саудагерлерге несие береді. Сондай-ақ, хавала деп аталатын ғасырлар бойғы бейресми жүйе арқылы тек ел ішінде ғана емес, сонымен қатар шетелге де аударымдар жасауды қамтамасыз етеді.

Western Union сияқты банктік аударымдар мен қатаң ережелері бар қызметтерден айырмашылығы хавала қаражатты елге кіргізудің және одан тез шығарудың жұмыс істеп тұрған әдісін ұсынады. Және іс жүзінде ешқандай шарттарсыз.

Сарай Шахзаде басшысының орынбасары Хаджи Дад Гюль: “біз әлемдік қаржы жүйесінің бір бөлігі болмай-ақ, әлеммен байланыста бола аламыз”, – деді. Бірақ тіпті айырбастау пункттері де ел ішіндегі қолма-қол ақшаның жетіспеушілігіне ештеңе істей алмайды.

Бұрынғы үкімет апта сайын Ауғанстанның ұлттық валютасын тұрақтандыру үшін Сарай Шахзадеге 80-нен 90 миллион долларға дейін ақша жіберіп отырды. Қазір талибтер ешқандай қаражат бөлмейді. Гюльдің айтуынша, Ауғанстанда ақшаны басып шығаратын машина жоқ, ал қолма-қол ақшаның жетіспеуі жылдам экономикалық құлдырауға әкелуі мүмкін.

“Сіздер мұнда 20 жыл болдыңыздар және екі триллион доллар жұмсадыңыздар. Ауған халқына көмектескілеріңіз келетіні айттыңыздар”, – деді Гюль мырза АҚШ-тың Ауғанстандағы соғысының шамамен жалпы құнын нұсқай отырып. — Жұмсаған барлық күш-жігерді жоққа шығармаңыздар”, — деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз